Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Мейрамбек Бесбаевты танымал еткен "Бозторғай" әні

Мейрамбек Бесбаевты танымал еткен "Бозторғай" әні

Мейрамбек Бесбаевты танымал еткен

Белгілі әнші, күллі қазақ жұртшылығының сүйікті ұлы Мейрамбек Бесбаевтың орындауындағы «Бозторғай» әнін естіген кезде кез келген жанның жүрегі ауырып, көңіліне кірбің ұялайтыны сөзсіз.

Ән авторы Алтынбек Қоразбаев бұл әнді шәкірті Мейрамбекке өзі жаттатып, сахнада алғаш рет айтқызған. Ал мұңға толы әннің сөзін белгілі ақын, атақты «Жар-жар» әніне жаңаша дем берген Әбдірахман Асылбеков жазған.

Әу баста мәтін 1989 жылы «Қара бала» деген атпен қағазға түскен. Кейін Алтынбек Қоразбаев оны «Бозторғай» деп өзгертеді. Алғаш рет ақиық ақын Мұқағали ауылы - Қарасаз топырағында шырқалады.

Бұл ән жарыққа шыққан бойда ел арасында кеңінен танылып, орындаушысы Мейрамбек бала халықтың көзайымына айналды. Ел аузында «Мейрамбек балалар үйінің тәрбиеленушісі», «ата-анасы тастап кеткен», «ол – жетім бала» деген қауесеттер таралады. Алайда, бұл сөздердің еш шындығы жоқ екенін аңғарған жұртшылық Мейрамбектің орындау шеберлігіне тәнті болған. Жетімнің ауыр тағдырын әнге салған Мейрамбектің шырылдаған дауысы әлі күнге дейін ел есінде.

1991 жылы Өзбекәлі Жәнібеков республикалық термешілер байқауын ұйымдастырады. Республика сарайында үш күнге созылған байқауда Мейрамбек Бесбаев «Бозторғай» әнін айтады. Ән көрермендердің ыстық ықыласына бөленгені соншалықты, әнші үш күн қатарынан «Бозторғай» әнін шырқаған.

«Бозторғай» - өз әншісін тауып, әлеуметтік міндетін атқарған ән. Осы әнді естіген бойда, жетімдер үйіне белгісіз себептермен тасталынатын балалардың саны азайған деседі. Кезінде балаларын тастап кеткен ата-аналар да ақылға тоқтап, балаларын қайта алып кеткен.

Бозторғай 
Сөзін жазған: Әбдірахман Асылбеков

Әнін жазған: Алтынбек Қоразбаев

Бозторғай, бозторғай 
Айналайын жыл құсым, 
Аман-есен жүрмісің. 
Ала таңнан шырылдап, 
Қуантқалы тұрмысың. 

Қанатыңды кердің бе, 
Қияндардан келдің бе? 
Жетімекпін мен неге, 
Анамды сен көрдің бе? 

Қатпа қара баламын, 
Тағдырыма наламын, 
Анамды іздеп әр таңда, 
Аңсап әнге саламын. 

Бір ашылмай қабағым. 
Неге жетім қаламын. 
Мүмкін емес болмауы 
Мені туған ананың. 

Бозторғай, бозторғай 

Ана сүтін ембедім 
Құшағына енбедім 
Аймалаған аялы 
Алақанын көрмедім. 

Туғаным жоқ, тумам жоқ 
Менде қызық-думан жоқ. 
Қырға шығып бала боп, 
Көбелек те қуғам жоқ. 

Шешем болса, келмей ме, 
Баласын бір көрмей ме, 
Мейірлене құшақтап, 
Өрік-мейіз бермей ме.. 

Торғай екен торғайда 
Балапанын қорғайды. 
Ана безсе баладан, 
Бәрінен де сол қайғы.. 

Бозторғай, бозторғай 
Көңіл-күйі кетілген 
Сен де мендей жетім бең 
Еркелетіп еш пенде 
Сүйген емес бетімнен. 

Тереземді ашайын, 
Алдыңа жем шашайын, 
Мұңымды айтып өзіңе 
Мауқымды бір басайын. 
Жаралаған жас жанды 
Азапты өмір басталды 
Керегі жоқ ешкімге 
Болғанымда тастанды 

Тас жетім боп қалғаным 
Туа біткен арға мін 
Бір иіскесем анамды 
Болмас еді арманым.

Суреттер: archive.tellytube.in, tuspalsoz.wordpress.com

61796 15
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 04 сәуір 2012, 14:08
Пікірлер
+0
04 сәуір 2012, 14:30

қайталанбас өте тамаша ән

+0
04 сәуір 2012, 15:31

"Тағдырыма не аламын" емес "наламын"

+0
04 сәуір 2012, 15:49

Құшағыңа емес құшағына :arrow:

+0
04 сәуір 2012, 16:01

өлеңдерді тыңдап күшті боп қалдым!

+0
04 сәуір 2012, 16:04

Өзіндік орны бар тұлға Мейрамбек аға, құрметтеймін..............)

+0
04 сәуір 2012, 18:02

Керемет ән

+0
04 сәуір 2012, 18:43

Талай жүректерге жетіп, жылатқан ән!

+0
04 сәуір 2012, 19:57

Макең жүз жылда бір туатын нағыз қазақ деп туатын тұлғаның бірі ғой.... оның атын шығарған Бозторғай

+0
04 сәуір 2012, 20:01

Бозторғай әні болуы мүмкін бірақ ол өзінің қарапайымдылығымен Алла тағаланың шапағатына ие болған жан деп ойлаймын.. Оның осылай халықтың ықыласына бөленуі де осы мінез болуы керек.... Осы мінезінен, сабырлылығынан қазіргі жұлдыз ауыруымен ауырып жүрген жас жұлдыздар үлгі алса ғой ....

+0
17 сәуір 2012, 20:01

тура айттыныз_)))))))

+0
05 сәуір 2012, 11:12

Маған дабұл ән ұнайды ,Менің өмірге деген құштарлығымды оятқан ән

+0
05 сәуір 2012, 11:49

Беспаевтың түрін көрген сайын Ғашық жүректегі үзінді есіме түседі.
Типо қызы: "лололололло мульте грацэ"
Беспаев: "Бешбармақ бар ма?"
Типо қызы: "Какой бешбармақ?"
Беспаев: "Отырайық онда конто-монто-понто деп итальянша сөйлеп" деп орнынан тұрса,
Типо қызы: "Ты куда?"
Беспаев: "Тойдым, тамақтары дәмді екен" :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
05 сәуір 2012, 15:41

маған бұл ән өте-өте ұнайды. Мейрамбек ағаны құрмет тұтамын. Тек бір тілерім денсаулығы ешқашан сыр бермесе екен!!!(амин!)




+0
20 сәуір 2012, 18:55

Мейрамбек ағаға вообщем сөз жоқ қой, АЛЛА ЖАР БОЛСЫН , красавчик қой жерлес!!!

+0
23 сәуір 2012, 23:20

жүз жылда да қайталанбас тұлғасың ғой Мейрамбек бауырым!!! Өмір жасың ұзақ болсын талантың ешқашан мұқалмасын!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...