Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Қайрат Нұртастың "Ауырмайды жүрек" әні

Қайрат Нұртастың "Ауырмайды жүрек" әні

Қайрат Нұртастың

«Саз әлемі» бағдарламасында үздік деп танылған Қайрат Нұртастың орындауындағы «Ауырмайды жүрек» әні жарыққа шыққан бойда көптің көкейінен орын алған-ды. Әсерлі әннің сөзін жас ақын Олжас Отар, ал әуенін белгілі сазгер Бауыржан Есебаев жазған.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың айтуынша, бұл ән оның өтінішімен дүниеге келген. Ол өзінің тыңдармандарына, өнеріне жанашырлық танытатын жандарға арнап ән жазғысы келеді. Себебі, Қайраттың шығармашылығын жоғары бағалап, өнеріне ғашық жандар өте көп. Олардың әрқайсысының іштегі мұң-шерін түсінуге тырысатынын алға тартып, тыңдармандардың іс-әрекеттерін Бауыржан Есебаевқа айтып береді. Өз кезегінде сазгер әнші басынан өткен оқиғаларды жаңа әнге арқау етіп, ақын Олжас Отардан сөз жазып беруін өтінеді.

Олжас Отар дайын әнді бірнеше мәрте тыңдап барып, сөз жазуға кіріседі. Ақын жалындаған жастық шағындағы басынан өткен күндерді еске түсіреді. Студент кезінде бір қызға ғашық болып, бір жылдай уақыт кездесіп жүреді. Өкінішке орай, көп ұзамай екеуі бір арнада тоғыспастан, екі жаққа кете барады. Артта қалған сол сезім негізінде ән мәтіні жазылады.

«Ауырмайды жүрек» әнін Бауыржан Есебаев «Көз жасың көмектеспейді» деген әлі жарыққа шықпаған жаңа фильмнің саундтрегі ретінде жазған. Алайда, әнші продюсерінің шешімімен ән халыққа фильмнен бұрын шыққан.

Жаңа әнге көп ұзамай бейнебаян түсіріледі. Бейнебаян сценарийін Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Үсенқызын жазған.

Ауырмайды жүрек 

Сөзін жазған: Олжас Отар

Әнін жазған: Бауыржан Есебаев

Жастықтың жалынды бір күні еді,тым ерекше атты таңғы арай,

Көздеріңе көзім байланғанда, жүрек тулап оттай жанғаны-ай.

Неге ояттың мені жүрмедің бе, ой-санамды мәңгі жауламай,

Неге ғана маған кездестің сен, ғашық болдым қалай аңдамай.

Қайырмасы:

Ауырмайды жүрек,ауырмайды, сенсіз өткен күндер болмаса,

Ауырмайды жүрек, ауырмайды, сені ойлатқан түндер болмаса,

Ауырмайды жүрек, ауырмайды, мөлдіреген көзің болмаса

Ауырмайды жүрек, ауырмайды, сүйем деген сөздер болмаса.

 

Жалындаған сол бір жаздың әнін, күз нөсері енді жалғасын,

Ауырады жүрек, ауырады, ауырады жүрек болғасын

Бізді емес ол жақ жылы дей ме, самғай бер қанатың талмасын,

Жылатасың-дағы, жұбатасың, әрбір сөзің атқан қорғасын

Қайырмасы:

Ауырмайды жүрек, ауырмайды, сенсіз өткен күндер болмаса

Ауырмайды жүрек, ауырмайды, сені ойлатқан түндер болмаса

Ауырмайды жүрек, ауырмайды, мөлдіреген көзің болмаса

Ауырмайды жүрек, ауырмайды, сүйем деген сөздер болмаса..

Суреттер: muz-fresh.ucoz.kz, megamuz.com

11174 30
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 03 сәуір 2012, 11:05
Пікірлер
+0
03 сәуір 2012, 11:32

Қайрат Нұртас - ортанқол әнші

+0
03 сәуір 2012, 11:36

"Ол өзінің тыңдармандарына, өнеріне жанашырлық танытатын жандарға арнап ән жазғысы келеді."

Әннің сөздері онша емес,мына жазылғанға сәйкес келмейді.

+0
03 сәуір 2012, 11:38

Менің түсінгенім, әнші де, ақын да, сазгер де өзінше ойлап, әнді дүниеге әкелген ғой

+0
03 сәуір 2012, 11:36

Осы әнге жүрегім ауырмады, шыны керек. Бейнебаян быт-шыт.

+0
03 сәуір 2012, 11:40

Мейіргүлмен келісемін, ал осы әнді Ардақ па, бір композитор қыздың әніне өте ұқсас деген пікір болды, білетіндерің бар ма?

+0
03 сәуір 2012, 12:26

Әнші-сазгер Айгүл Бажанова жазған Айгүл Иманбаеваның орындауындағы "Аппақ гүлдер" әнінің ноталары ұрланған :!:

+0
03 сәуір 2012, 11:41

Сазы былай норм. Бірақ сөздері қалай болса солай жазылған. Ұйқас болса болды деп. Опшым, попса.

+0
03 сәуір 2012, 11:50

Басында ұнаған :D

+0
03 сәуір 2012, 11:56

Қайрат Нұртасқа сәттілік тілеймін!

+0
03 сәуір 2012, 13:15

Алдағы уақытта Аллах биіктерді нәсіп етсін, Аллах жар болсын, ақын біздің Тараздық, бірақ өзінің 2012жылы 26ақпанда Астанада болған концертінде :әні мен сөзі:Бауыржан Есебаев, Ауырмайды жүрек деп айтты, онысы өте дұрыс болмады, тағы да Жүрегімді махаббатын өртесін деген өлеңді әні мен сөзі Бауыржан Есебаев деді, бірақ сөзі:Ботагөз Бексары, ол сөзің жазған ақын қыз да ренжіп жатыр,бірақ Бауыржан аға мен Қайрат кешірім сұрапты, онда да бұл дұрыс нәрсе емес, сонда Қайрат Бауыржан ағаға авторитет жинап беріп жүр ма?соны көріп өзім де бір түрлі болып қалдым, Бауыржан аға салмақты,қаншама жыл намаздағы,тиянақты адам ғой, сонда қате Қайраттан кеткен ғой шамасы, әйтеуір сәттілік тілеймін өнеріне, Болашақ жасқа,халыққа тәрбие мәні бар өлеңдері көп болсын.

+0
03 сәуір 2012, 13:20

Көпшілік біле бермейтін жайттарды біледі екенсің, Нәркес. Енді біз де білетін боламыз. :arrow:

+0
03 сәуір 2012, 13:21

Осы Қайратқа өзім ақ Жұлдыз ауруымен ауырады деп диагноз қойып берсем......

+0
03 сәуір 2012, 13:27

Қызылжарға концертпен 2009 жылы келген, үш әннен соң қашып кетті, лоханул :mrgreen: ал негізі, Астанада бір үйде тұрамыз))))))))))

+0
06 сәуір 2012, 17:26

Караоке болса гой! Осы әнді Сәнияжаныма арнап айтып берер едім :mrgreen:

+0
06 сәуір 2012, 17:46

Астанаға келіп жатсан, әніңді тыңтауға мен қарсы емеспін!!!!! ниетіне рақмет))))))))))

+0
03 сәуір 2012, 13:38

самолюб қой Қайрат

+0
04 сәуір 2012, 09:47

Мамалюб))

+0
03 сәуір 2012, 21:29

:) :)

+0
03 сәуір 2012, 23:15

Орысша Қайратты "самовлюбленный идиот" деп атайды) :mrgreen:

+0
05 сәуір 2012, 15:55

Құрметті оқырман біріншіден өздерің сол сахнаға шығып өлең айтыңдар. ОЛ ешқандайда самовлюбленный емес....................Қайраттың барлық өлеңдерінің мағынасы өте зор. Ауырмайды журек анінің мағынасы жоқ болса Онда Халық "Саз әлемі" байқауында жүлде алып бермес еді....

+0
06 сәуір 2012, 17:16

Қайрат Нұртастың "сені ойлай" деген әні ұнайды :)

+0
10 сәуір 2012, 00:19

Әні де,өзі де ұнамайды ...Адам қызығатын әні жоқ....қайдағы жоқ мусорларды таңдап алып айта берет...Қазақстандағы ең көп концерт қоятын әншіғой )))

+0
16 сәуір 2012, 18:41

:lol: қатырдыңыз, келісем :)

+0
10 сәуір 2012, 17:14

Осы әнді бірнеше рет тыңдасам да, мағынасына түсіне алмадым, өкінішке орай....

+0
10 сәуір 2012, 17:31

Қайрат Нұртас мәләдес! : Маған әндері ұнайды))

+0
16 сәуір 2012, 18:42

"Қайраттың барлық өлеңдерінің мағынасы өте зор"???? не дейді құдай ау :? ????

+0
16 сәуір 2012, 20:44

Кайрат жаксы анши. Мумкин кемшиликтери бар шыгар, оган али осу, коп енбектену керек. Бирак магыналы создери бар, адеми клиптары бар, бирак тындасан журегине жетпейтин аншилердин арасында жулдызы биіктеу турган анші. Кайраттын адеми даусы бар, жигерли, кылыкты минезі бар. Кандай ан айтсада журекке жеткизе биледи. Концерттеринде кадимгидей эмоциямен шыгасын))))))) Кайрат-Алга!!!!! (жулдыз ауруына шалдыгып калып журмесен болды. онерине озин обал жасайсын)

+0
17 желтоқсан 2012, 16:29

:lol: :lol: :lol: "Ауырмайды жүректің" сөзі ұнайды өзіме. Жақсы жазылған. Жай ғана күйдім, сүйдім емес өзгешелік, жаңашылдық бар

+0
23 қаңтар 2013, 23:46

Қайрат Нұртас керемет Әнші! Әндерінің барлығы ұнайды! . . . :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...