Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / «Көңіл толқыны» - ауыр қайғыдан туған күй

«Көңіл толқыны» - ауыр қайғыдан туған күй

«Көңіл толқыны» - ауыр қайғыдан туған күй

Белгілі күйші-сазгер, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйін тыңдамаған жан кемде-кем. Кез келген адам шығарманың алғашқы әуенін естіген бойда толқындай тербеліп, тұла бойының еріксіз ырғалып кететінін сезбей де қалады.

«Көңіл толқыны» - нағыз шедевр шығарма. Секен ағаның айтуы бойынша, бұл күй тағдыр тәлкегіне түскен кезде дүниеге келген. «Көңіл толқыны» 1985-87 жылдары туған. Секен аға екі жасар Жанар және Анар атты қыздарынан табан асты айырылып қалған. Бірін көлік қағып кетсе, екіншісіне көз тиіп қайтыс болған. Қос бірдей баласын жер астына тапсырған Секен аға ауыр күйге түсіп, қатты тұйықталып кеткен. Жер бетіне сыймай, қайғы жамылған сәтте, «Көңіл толқыны» күйін өмірге әкеледі. Күй бірден көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, кеңінен таралады. Тіпті, алыс-жақын шетелдегі жұртшылық күйді тыңдаған бойда оның авторын іздестіріп, күйдің шығу тарихына білгілері келеді. Жапондық тыңдармандар күй аннотациясын сұраған кезде, автор іштегі орны толмас, өкінішті сыртқа шығармас үшін «Бұл күй «Невада-Семей» қайғысына арналған еді» деп қоя берген.

Секен Тұрысбеков «Көңіл толқыны» кітабында былай деп жазады: «Күйдің өзегінде әкенің орны толмас өкініші мен өксігі жатыр. «Көңіл толқыны» - өзіне дейінгі ұлы күйші-сазгерлердің рухани жалғасы болғанымен, ішкі табиғаты мүлде бөлек, жүрек қылын дірілдете шертер күші бар, тыңдаушысын ой мен сезім тұңғиығына тартатын туынды».

Суреттер: megatorrents.kz, qazaquni.kz

37772 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 02 сәуір 2012, 11:01
Пікірлер
+0
02 сәуір 2012, 11:43

шынымен керемет туынды екен, ал жазылу себебі тіпті ауыр екен...

+0
05 сәуір 2012, 12:58

тамаша күй ғой. Баға жетпес керемет туынды

+0
09 сәуір 2012, 12:55

Керемет! Ауырған адамды ауыруынан жазатын күй! :lol:

+0
10 сәуір 2012, 17:32

Қайталанбас, өте керемет туынды!

+0
10 сәуір 2012, 17:40

Керемет, маған қатты ұнайды :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз тұратын Еуразия сыры
Біз тұратын Еуразия сыры

оқып көріңіз бәлкім білмейтін шығарсыз

"ДенсаулықKZ" арнасы

Елімізге десаулық жайлы арна керек пе?

Автор: Ұлжан Лайық
Аспанға қараңызшы...
Аспанға қараңызшы...

Мен аспанға қарап отырмын. Сіз де қараңызшы...


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...