Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Селин Дионның өмір жолы

Селин Дионның өмір жолы

Селин Дионның өмір жолы

Селин Дион... Музыка өндірісіндегі ол алмаған сыйлық қалмаған шығар... Сыйлықты былай қоя тұрып сөйлесек, халықтың, әлем халқының қошаметін айтсаңшы?!

1968 жылдың 30 наурызында Канадада дүние есігін ашқан болашақ жарық жұлдыз отбасындағы кенже қыз болып туылса керек. Ата-анасы музыкант болғандықтан, Селин киелі сахнаға ерте жастан-ақ аяқ басты. 

12 жасында Селин өзінің тұңғыш әнін анасының көмегімен жазып шығып, әнді танымал француз әншісі Женет Реноның альбомынан табылған мекенжайға жолдайды. Ол ән менеджер Анжелилдің қолына түседі. Анжелилден жауап болмаған соң, Селиннің ағасы телефон арқылы хабарласып: "Сіздің кассетаны тыңдамағаныңызға сенімдімін, егер тыңдаған болсаңыз, дереу бізге хабарласушы едіңіз!" дейді. Әнді тыңдаған күні-ақ Анжелил Селинді өзінің кеңсесіне шақырады. Селиннің әнін өз аузынан тыңдағанда, менеджер өзін ұстай алмай, толқып, жылап жіберген деседі.

1994 жыл, Анжелил мен Селиннің үйлену тойы

Анжелил Селиннің тұңғыш табынушысы еді. Осыдан кейін Селин күллі әлемді әнімен, өнерімен жаулау жолына түсті. Осынша ерекше дарынға куә болған Анжелил көп ойланбастан Селиннің альбомын шығару үшін үйін сатып жібереді. 

Анжелилдің бұл сенімі далаға кеткен жоқ. 

Бұл альбом Канадаға кеңінен таралып, жас Селин 1982 жылы Жапониядағы сазгерлер байқауының жүлдегері атанды. 

Селин 18 жасында Майкл Джексонды теледидардан көріп, менеджеріне: "Менің де осындай атақты болғым келеді!" деп айтқан деседі. Осыдан кейін менеджері Селиннің сыртқы келбетін ретке келтіріп, шашын кестіріп, ағылшын мектебіне жаздырады. 

Селин Дион сахнада

1988 жылы әнші Felix Awards жүлдесін қанжығасына байлайды. Осы жылы Дублинде өткен Евровидения байқауында 600 миллион көрерменнің алдында ән шырқап, бас жүлдені жеңіп алады. Осы жылы Селин мен менеджерінің арасындағы қарым-қатынас іскерлік қарым-қатынас шеңберінен шығып, бірнеше жылдан соң, екеуі некеге тұрады. Аралары 26 жас болса да, бұл екеуі жалпақ әлемге шынайы махаббаттың бар екенін дәлелдеді.

1990 жылы ол өзінің тұңғыш ағылшын тіліндегі альбомын жазып шығады. Альбомдағы  "Where Does My Heart Beat Now" әні АҚШ-тың ең үздік ТОП-5 әнінің қатарына кіреді. 

Анжелил мен Селин ұлдарымен

Нағыз атақ Дионға Пибо Брисонмен бірге шырқаған "Beauty and the Beast" (мультфильм саундтрегі) әнінен кейін келеді. Бұл ән арқыны Селин Дион Грэмми мен Оскар жүлделерін қатарынан жеңіп алды. 

1996 жылы әншінің "Falling into You" атты альбомы жарық көріп, америкалық сатылымда көш бастайды. Альбомда әлсіз деген ән болмады. Күллі дерлік әні хитқа айналды. Ол ол ма, Селин Дионды күллі әлем көз тіккен Атлантадағы олимпиадалық ойындарға ән айту үшін шақырды. 

1997 жылы Джеймс Камеронның "Титаник" фильміндегі "My Heart Will Go оn" атты әні әншінің шығармашылық жолына үлкен белес алып келді. "My Heart Will Go оn" композициясын әнші 1998 жылғы Грэмми салтанатты кешінде қатарынан екі рет айтып, ән "Жыл әні" атағына ие болды. Оскар табыстау кешінде де Селин Дион киноға арналған ең мықты музыкалық тақырыбы үшін екінші рет Оскар алды. 


Бүгінде канадалық күміс көмей әншінің өнеріне құрмет көрсетпейтін адам кемде-кем. 45 жасар Селин Дион атағы жер жарған әнші, актриса, бақытты жар, аяулы ана...

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: ivillage.com 

2484 6
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 01 маусым 2013, 15:57
Пікірлер
+0
01 маусым 2013, 16:57

мәәә ОСкар сыйлығын 2рет алу :o :o

+0
01 маусым 2013, 23:29

Ооо Селин Дион мен жақсы көріп, сүйіп тыңдайтын әншінің бірі. Нағыз талант. 8-) Әндері құлаққа жағымды... Әсіресе, Титаник фильміндегі орындаған әні "My Heart Will Go оn" жүрек тебірентеді. Алдағы уақытта да сәттілік тілеймін бұл кісіге...... 8-) 8-)

+0
02 маусым 2013, 12:09

"Титаник" фильміндегі "My Heart Will Go оn" атты әні маған қатты ұнайды 8-)

+0
04 маусым 2013, 12:47

менің сүйікті әншім ғой, даусы керемет

+0
04 маусым 2013, 15:06

Аңыз әнші!

+0
06 маусым 2013, 00:31

өте жақсы көремін!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...