Скрипка гаджетке қарсы

Скрипка гаджетке қарсы

Музыка тыңдауға мыңдаған гаджет түрі бар. Ал бірақ немен ойнауға келгенде ойлануға тура келеді. Чех мемлекеттік симфониялық оркестірінің музыканттары еш қиындықсыз өз аспаптарын планшет пен смартфондарға ауыстарып отыр. Тіпті, дирижердің басқаруымен "Кармен" операсын сәтті ойнап шыққан.

Мұндай идея бір қарағанда мүмкін еместей көрінер, бірақ, көп күш жұмсалған жерде бәрі де мүмкін екен. Барлық дерлік 224 гаджетке музыкалық аспаптарда ойнауға арналған арнайы бағдарлама қондырылып шыққан. Сосын девайстар бір желіге қосылып, ортақ дауысқа келтірілген.

Алғашқы "планшетті" концерт сәтті өтіпті және ешбір техникалық ақау орын алмағанға ұқсайды. Ең бастысы, аталған эксперименттің арқасында жастар арасында классикалық музыканың танымалдылығы артатын болып отыр.

Концерттің қалай өткенін көргіңіз келсе, осы бір бейнетаспаға назар аударыңыз.

Сурет:plus.google.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига