Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / PSY Мәскеудегі ең үлкен номерді сұрады...

PSY Мәскеудегі ең үлкен номерді сұрады...

PSY Мәскеудегі ең үлкен номерді сұрады...

Оңтүстік кореялық рэпер PSY 7-маусымда "МУЗ-ТВ Жүлдесі" (Премия МУЗ-ТВ) үшін өтетін концертте өнер көрсетеді деп күтілуде. Осыған байланысты ол ұйымдастырушыларға өз талаптарын қойып үлгеріпті. 

Әнші АҚШ-тан жеке ұшағымен Мәскеу қаласына 6-мамыр күні 18 адаммен бірге келіп қонбақ екен. Ресей баспасөздері жазғандай, PSY ұйымдастырушылаға ең басты екі талап қойған. Оның біріншісі қонақ үйден 350 шаршы метрлік жеке номер. Ал Мәскеуде ондай мүмкіндікке тек "The Ritz-Carlton" отеліндегі жалғыз люкс ие екен. Екінші қойған талабы - қала ішіндегі қозғалыс үшін әнші екі қымбат көлік пен алты оққағар сұраған.

Сондай-ақ рэпер асына қоятын талабымен де көпшілікті таң қалдырды. Анықталғандай PSY вегетарианшыл болып шықты. Өзі айтқандай оның номері мен грим бөлмесінде тек қуырылған картоп, жаңа піскен жемістер және минералды судың болуы міндетті.   

Айта кетейік, PSY 26-мамыр күні Алматының "Медеу" мұз айдынында да концерт беруі керек еді. Алайда кейін ол белгісіз жағдайларға байланысты өтпейтін болды. Ал оған дейін рэпер Астана қаласына 8-мамыр күні KZ Music Award-2013 кеші аясында келетін болып еді. Ол жолы ұйымдастырушылар әншінің әлемдік турнеден қолы босамай жатқандығы себепті концерттің кейінге қалдыратынын мәлімдеді.  


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ntv.ru

1812 7
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 23 мамыр 2013, 12:05
Пікірлер
+0
23 мамыр 2013, 13:50

атақ даңқ ақша не істетпейді

+0
23 мамыр 2013, 14:02

Айтқанын жасайтын болғасын сұрайды да

+0
23 мамыр 2013, 14:10

біздікілер талаптарын орындай алмайтын шығар андай :P

+0
23 мамыр 2013, 17:40

Ресейдегідей талап қойтын болса орындай алмайды ;)

+0
24 мамыр 2013, 22:18

ойбу ПСИді келеді деп армандамай-ақ қояйық... :lol: Мынадай талаптары адамды шошытты :oops:

+0
28 мамыр 2013, 22:01

```ёёё талабы мықтыы :)

+0
14 маусым 2013, 18:30

тәлпіштік)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...