Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Әзірбайжан екінші орынды сатып алды ма?

Әзірбайжан екінші орынды сатып алды ма?

Әзірбайжан екінші орынды сатып алды ма?

15min.lt ақпарат агенттігі «Евровидение – 2013» байқауының финалы өтетін күні Литвада белгісіз бір топтың адамдарды Әзірбайжанға дауыс беруге үгіттегенін хабарлады. Бірнеше рет дауыс берген адамға 20 евродан ұсынылған. Әзірше Әзірбайжан бұл жөнінде қандай да бір мәлімдеме жасамады.

Агенттік журналистері ақпаратты естісімен қарапайым азаматтар ретінде дауыс сатып алушылармен кездесіп, олардың әңгімесін бейнекамераға жасырын түсіріп алған. Сергей есімді азамат байқауға қатысушы 15 елде жұртқа ақша беріп, Әзірбайжанға дауыс жинап жүрген он шақты топтың барын айтқан. 15min.lt агенттігі байқаудың ақтық сайысында Литваның әзірбайжандық әншіге ең жоғарғы балл бергенін еске салады. Бұл ақпараттың ақиқат не, қолдан жасалған күйе жағу екені белгісіз.

Осыдан екі жыл бұрын француз ақпарат құралдары да Әзірбайжанды «Евровидениеде» жеңу үшін дауыс сатып алуға тырысты» деп айыптаған болатын. Дегенмен ғаламтордағы қауым биылғы «Евровидениеде» Фарид Мамедовтың мінсіз өнер көрсеткенін қуаттайды. Еске сала кетейік, Швецияның Мальме қаласында өткен байқауда 281 ұпаймен Дания бірінші орынға ие болды. Екінші орынды әзірбайжандық Фарид Мамедов, үшінші орынды украиналық Злата Огневич иеленді. Алғашқы ондыққа Норвегия, Ресей, Грекия, Италия, Мальта, Нидерланды және Венгрия енді. Ирландия ең соңғы орын алды.

Жолдаған: Болатбек Мұхтаров

Сурет: eurovisionaz.com

276 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 21 мамыр 2013, 11:31
Пікірлер
+0
21 мамыр 2013, 12:45

маған қайта осы ұнап еді....

+0
21 мамыр 2013, 17:19

Менің ойымша 1-орынга ылайык десе де болады, жоғарыдағы ақпараттың жалған екеніне күмәнім жоқ. Фарид қай жағынан болмасын тамаша орындап шықты, өлеңнің мағынасы да тамаша, әнге де Фаридқа да ғашық болдым :oops: :)

+0
22 мамыр 2013, 14:40

маған да осы ұнаған...

+0
22 мамыр 2013, 15:11

Харизмасы мықты әртіс қой. Сатып алды деп ойламаймын.

+0
09 маусым 2013, 14:18

менде Фаридке жак болгам (((( ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...