Astana Piano Passion тікелей эфирден көрсетіледі

Astana Piano Passion тікелей эфирден көрсетіледі

«Astana Piano Passion» халықаралық жас пианистер байқауының бірінші және екінші туры www.astana-app.kz ресми сайты арқылы онлайн түрде көрсетіледі. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Мұндай технология Қазақстандағы балалар музыкалық байқауы үшін алғаш рет қолданылып отыр. Мұның өзі Орталық Азияда жас пианистердің ірі байқауы болып табылатын іс-шараның ауқымдылығы мен оған дайындықтың асқан жауаптылығын тағы бір дәлелдей түскендей.

IP-технологиясы «TVeam» бірегей хабар тарату технологиясының арқасында қатысушылардың өнерін сайттан тікелей эфирде қанша адам қараймын десе де қарай алады. Бейнекөрсетілімді сайттан қарау үшін компьютерді жүктеп, IP-технологиясы «Tveam»-тің құрамдас бір бөлігі болып табылатын download.setevisor.tv сайтында «Tveam» интернет-транслятор орнату қажет. Осы айтылған қондырғыны орнатқаннан кейін көрсетілім басталады. «Сетевизор» бейнеоплеерін пайдаланушы көрермендер бейнекөрсетілімдерді тікелей эфирден де, жазып алып, компьютерлер мен кез келген операторлық жүйелерден және  iPhone, iPad и Android мобильді қондырғыларынан көре алады", - делінген таратылған ақпаратта. 

Естеріңізге сала кетелік, “Astana Piano Passion” Бірінші Халықаралық жас пианистер байқауының алғашқы туры 2013 жылдың 10-11 мамырында Астанада ҚазҰӨУ-дің Үлкен залында өтеді.  Байқаудың қазылар алқасының құрамына Бразилиядан, Ирландиядан, Ресей мен Қазақстаннан фортепианно өнерінің әлемге танылған музыканттар енген: Жәния Әубәкірова (Қазақстан) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Төлеген Мұхамеджанов (Қазақстан) "Астана-Опера" Опера және балет театрының Бас директоры, композитор, ҚР Мемлекеттік және басқа да сыйлықтардың  лауреаты, Валерий Пясецкий (Рессей) Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры, Павел Нерсесьян (Ресей) Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының және Бостон университетінің профессоры,  Джон О’Коннор (Ирландия) Ирландия Корольдігі музыка академиясының, Shenandoah (Вирджиния, АҚШ) консерваториясының, Showa (Жапония) музыка академиясының профессоры, Денис Мацуев (Ресей) Ресейдің Халық әртісі, "Astana Piano Passion" байқауының көркемдік жетекшісі және байқаудың құрметті төрағасы.

Естеріңізге сала кетелік, Массагет порталы бұған дейін Қазақстанның Астана қаласында 10-16 мамыр аралығында өтетін "Astana Piano Passion" І Халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында "Astana Piano Passion" Халықаралық жас пианистер байқауы өтетіндігін хабарлаған болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Массагет мұрағатынан

Massaget