Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Жаңа Толқын-2013" байқауында Қазақстан намысын ADAM қорғайды

"Жаңа Толқын-2013" байқауында Қазақстан намысын ADAM қорғайды

Жыл сайын Юрмала қаласында өтетін "Жаңа толқын-2013" жас таланттар байқауында Қазақстан намысын осы жылы ADAM қорғайды.

Осы жолы шет ел әншілерімен бақ сынасу Динара АДАМ бастаған ADAM Media Group орталығының түлегі, қарағандылық әнші ADAM-ға бұйырыпты. Байқаудың Мәскеуде өткен соңғы кезеңінде ADAM қазылар алқасын ерекше даусымен тәнті етті.

Болашағы айқын, бойында табиғи дарыны бар, өз ерекшелігі де жетерлік әнші Қазақстанда классикалық ритм-н-блюз жанры бойынша алғашқы орындаушы. Сонымен қатар джаз және этнорок бағытындағы өлеңдері бар. Орындаушының басты ерекшелігі – әнді таза, шынайы орындаумен қатар, драматургия мен жан тебірентер өмір тақырыбындағы әндерді тыңдармандардың жүрегіне жеткізуі.

«Сіздің санаңызға шынайылық, жүрегіңізге мейірімділік дәнін егіп, жаныңызды нағыз музыкамен сусындатамын. Мен сол үшін келдім. Қарсы алыңыздар!» – дейді ADAM.

Естеріңізде болса, ADAM-ның әнші ретінде тұсауы «Еуразиялық Muzzone EMA 2012» марапаттау кешінде кесілген еді. Ол «Muzzone EMA 2012» марапаттау рәсімінің шымылдығын «Жол» деп аталатын әнімен ашты. Әннің мәтінін жазған Перизат Жұмажан, сөз авторы – EL GATO. ADAM-ның орындауындағы аталған әннің негізгі мағынасы – өмірде өзіне тиесілі жолды адаспай табу.

Әу баста, Қазақстан үшін "Жаңа толқынға" шығу үшін 6 қазақстандық әнші сайысқан. Олар: Луиза Каринбаева (Луина), "Дауыс International" қыздар тобы, жас әнші Гүлнара Дамаева, X-factor-ға қатысқан Еркен Кенебаев, "Жұлдыздар фабрикасының" финалисі Оксана Устина.

25 жасар ADAM "Жаңа толқын" жартылай финалында халық әні "Япур-айды" ұсынды.

Дайындаған: Сания Аринова
Сурет әншінің жеке мұрағатынан алынған

5887 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 24 сәуір 2013, 13:01
Пікірлер
+0
24 сәуір 2013, 13:30

Қап, Луина өтпей қалды ма.... Мына адамды танымайды екенмін. Сәттілік!

+0
24 сәуір 2013, 14:26

Әнін әлі тыңдамаппын, бірақ, ер адам қатысқаны дұрыс, Луиналарыңның да, Дауыс Интернэшнлдың да өнерінен бұрын киім киістерін уайымдап бітетін едік әйтпесе. Динара Адамға сенемін әйтеуір )

+0
24 сәуір 2013, 15:38

тыңдап көрмегесін сенімсіздік тудырады екен

+0
15 мамыр 2013, 13:46

Қазақ шыққанына қуанамын. Кейінгісін көре жатармыз. Япур-ай керемет ән.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сын түзелмей мін түзелмейді
Сын түзелмей мін түзелмейді

Сын қабылдай аласыз ба?

Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау

Биік шыңдарды бағындыру үшін келеміз

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...