"Алдаспан" тобы жаңа әнін ұсынады

"Алдаспан" тобы жаңа әнін ұсынады

Өнерсүйер қауымға жағымды жаңалығымыз бар. Бұған дейін "Елге қайт", "Ұлы көш", "Төкпе Light" альбомдарымен тыңдармандарын қуанышқа бөлеген "Алдаспан" тобы үздіксіз ізденіс үстінде тағы бір су жаңа әнді жазып шықты. Әннің аты – "Қазақстан". Отанға деген махаббаттан туған әнді топ ерекше шабытпен орындайды. Әуені – топ мүшесі Шамшаддин Омаровтікі, ал сөзін жазған – Роман Бұрқаш. 

Жаңа ән туралы ән әуенінің авторы Шамшаддин былай дейді: "Біздің қоржынымызға қосылған жаңа әннің әуенін ыңылдап отырып қоңыр кеште дүниеге әкелдім. Жаңа ән елін сүйген бар қазақтың жүрегіне жетер деген үміттеміз".

Еліміздің ғана емес, шетелдердің сахнасын бағындырып үлгерген "Алдаспан" рок-тобына алда да сәтті қадам тілейміз! 

    Қазақстан

Сөзі: Роман Бұрқаш

Әні: Шамшаддин Омаров

Жырына шабыт болған елдің үні,
Қайсар рухты ұлыңмын мен бүгінгі.
Қазағым, құлыным деп баурыңа бас,
Көсіліп жырлайын мен елдігіңді.

Қ/сы:
Ахау, Қазақ елім!

Қыраның бар көгіңде ғажап ұшқан,
Туыңды көтер көкке азат ұстан.
Өркендеуде, дамуда, гулденуде,
Еуразия төрінде Қазақстан!!!

Қ/сы:
Ахау, Қазақ елім!


Мен Алашпын, Алаш боп танылғанмын.
Отаным деп от болар жалын жаным.
Ұрпағыма рух берер тарихым бар,
Қаныменен жазылған сан ұлдардың.

 

Елім саған сүйенем деп тірегім,

Өзің деп елжірейді ет жүрегім.

Ана тілім, хақ дінім, дархан далам,

Бабалардан аманат деп білемін!



Қазақстан! Қазақстан!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

М. Оңғарова