Клод Моненің Живернидегі өмірі туралы альбом-кітап шықты

Клод Моненің Живернидегі өмірі туралы альбом-кітап шықты
Фото: vk.com

Flammarion баспа үйі A Day with Claude Monet in Giverny атты альбом-кітап шығарды. Альбом қылқалам шебері Клод Моне мен оның үздік туындылары дүниеге келген қонысы - Живернидегі шеберханасына арналып отыр.

Көркемсурет өнеріндегі импрессионизм бағытының ең танымал өкілі Живерни коммунасының сұлулығын алғаш рет 1883 жылы пойызбен өтіп бара жатырған кезінде көреді. Суретшінің табиғат көркіне тәнтә болғаны сонша, ол Парижде тұрып жатқан отбасында осында көшіріп алып келеді. Шебердің "Тұңғиық" ("Кувшинки"), "Қайық" ("Лодка"), "Живернидегі мак гүлдері" ("Маки в Живерни") атты суреттер цклдары мен басқа да теңдессіз туындылары осы жерде салынған. Суретші өз үйінің жанынан өсірген бақшасын аталмыш туындыларынан да өткен үздік жұмысы деп бағалайтын . 

Жаңа кітап сол үй мен оны қоршаған әдемі баққа саяхат жасауды көздейді. Альбомда белгілі импрессионисттің суреттері мен британиялық  Фрэнсис Хэммонд есімді фотографтың сол бақта түсірілген суреттерін қамтиды. Сондай-ақ, кітапта суретші туралы оның достарының естеліктері де жазылған.

А. Оралқызы