Атауы жоқ картина бәссаудада $110 миллионға сатылды

Атауы жоқ картина бәссаудада $110 миллионға сатылды
Фото: vk.com

Жан-Мишель Баския есімді америкалық граффити-суретшінің картинасы Sotheby's бәссаудасында $110,5 миллионға сатылды.

Бұл – Баскияның шығармашылығындағы ең қымбат туынды болып отыр. Осыған дейін автордың 1982 жылы салынған "Бұлыңғыр бастар" картинасы жоғары бағаланған еді. Ол 2013 жылы Christie's бәссауда үйінде рекордтық $48 миллион қаржыға сатылды.

Ал атауы жоқ картинаны да Баския 1982 жылы салған екен. Аталған туынды жапониялық Юсаку Мэдзава есімді коллекционер топтамасына қосылды.  

Баския есімі 1981 жылдан бастап әлемге таныла бастады. Ал 1982 жылдан бастап жас суретші картиналары көрмелерде Джулиан Шнабель туындыларымен қатар қойылып, өзі Энди Уорхолмен бірге жұмыс жасай бастады. 1985 жылы Жан-Мишель суреті аса беделді The New York Times газетінің мұқабасына шықты. Баския аз уақыт ішінде тек граффити-суретші ретінде ғана емес, сондай-ақ, неоэкспрессионист, ақын және актер ретінде танылды. Жан-Мишель Баския 1986 жылы бар болғаны 28 жасында өмірден өтті.

А. Оралқызы