Пикассоның немересі атасының картиналарын бәссаудаға шығарды

Пикассоның немересі атасының картиналарын бәссаудаға шығарды
Фото: vk.com

Мамыр айында Нью-Йорк қаласындағы Sotheby’s компаниясы «Пикассо. Адам мен құбыжық: Марина Пикассо коллекциясындағы туындылар» атты бәссауда өткізеді.

Бәссауда шеңберінде суретшінің 100-ден астам туындысы сатылмақ. Олардың көпшілігі бұрын-соңды Пабло Пикассоның шеберханасында сақталған.

Лоттардың бағасы 5 мың доллардан 100 мың долларға дейінгі аралықты қамтиды.

Қазіргі уақытта бұл коллекция суретшінің немересі Марина Пикассоға тиесілі. Марина бәссауда туралы: «Бұл менің тарихымның бір бөлігі, атамның туындыларын осылай тарату мен үшін ең дұрыс шешім », - деді.

Естеріңізге сала кетейік, Пикассоның көркемсурет өнерінде өз ізін қалдырған басқа тұлғалардан айырмашылығы – оның бұрын-соңды болмаған жаңа стиль алып келуі.

Кеңістікті қабылдаудың бір түрі ретінде ол "Кубизм" деп аталатын стилін халыққа ұсынды. Бұл ерекшелік сурет өнерінің бет жағынан хабары бар адамдарға да кеңінен танымал. 

Пабло Руис Малаг қаласында 1881 жылдың 25 қазанында дүниеге келді. Әкесі де суретшілікпен айналысқан. Пабло кейінірек анасының қыз кезіндегі тегін өзіне алады.

Осылайша, Барселонада өсіп, тәлім алған ол Пабло Пикассо деген атпен елге таныла бастады.  Пикассо 1900 жылдары Франция мен Испанияның арасында көп жол жүріп, өмірін осы екі аралықта өткізді. Өнерін шыңдай түсіп, 1904 жылдардың шамасында "Жасыл табиғат" атты туындыны салып бітіреді. Бұл картинаның да өзгеге ұқсамайтын өзіндік стилі болатын. Ал 1907 жылы "Тырналар" атты "Кубизм" стиліндегі жаңа дүние өмірге келді. Бұл еңбек оның шығармашылығындағы төңкеріс жасаған туынды болып саналады.  "Герника".

Пабло Пикассо, 1937 Пикассо француз Джорджес Брак атты суретшімен тығыз қатынаста болып, өз стилін қалыптастыру үстінде біраз тәжірибеден өтті. Осылайша 1912 жылы оның "Коллаж" атты картинасы дүниеге келді. Бұл туындының бір ерекшелігі түрлі маталар мен газет парақшаларының пайдаланылғандығында болды. 

1937 жылғы "Герника" атты еңбегінің салынуына солтүстік Испаниядағы соғыстан зардап шеккен қираған үйлердің көрінісі түрткі болыпты. Айта кетелік, осы кезеңдерде Испанияда азаматтық соғыс болып жатқан еді.  Көптеген өнер адамы секілді Пикассоның өнеріне тәнті болып, көңілін білдірген қыз-келіншектер көп болды. Оның артында 4 баласы қалды. Әйгілі суретші 1973 жылы 8 сәуірде Каннда дүниеден өтті. 

А. Оралқызы