Түймедейді түйедей еткен фотограф

Түймедейді түйедей еткен фотограф
Фото: vk.com

Мексикалық фотограф Феликс Эрнандез $200 тұратын Audi R8 көлігінің 40 долларлық ойыншық нұсқасын алып, көздің жауын алатын әсерлі суреттер түсірген.

DIY Photography баспасының ақпаратына сүйенсек, суретші өз ойын алдымен Audi компаниясына айтып көрген. Кейін Феликс жасаған суреттерді көріп таң қалғаны соншама – компания бұл туындыларды арнайы жарнама мақсатында қолданды.

Digital Synopsis баспасының айтуынша, суреттер көп өңдеуді қажет етпеген екен. Эрнандез ерекше суреттерді жасау көп материал қажет етпегенін айтады. Өнерімен айрықшаланған фотограф суреттер жасау үдерісін бейнелеген ақпараттармен өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

Феликс Эрнандез шағын заттарды өмірдегідей сенімді түсіре алуымен ерекшеленеді.

Нәтижесі қалай екен, оқырман?

А. Оралқызы