Сирек тарихи суреттер

Сирек тарихи суреттер
Фото: vk.com

Қазіргі таңда адам күніне мыңдаған сурет көреді. Ақпарат ағып жатқан заманда қайсысын көріп, қайсысын көрмегеніңді еске түсірудің өзі қиын. Бірақ, барша адамзаттың есінде мәңгі сақталып қалатын суреттер де бар. Сондай сирек суреттерді назарларыңызға ұсынамыз. Олардың өткенмен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін уақыт машинасы іспетті екеніне сіз де күмән келтірмейтін шығарсыз.

1. 1911 жылы. Ниагара сарқырамасы қатқан кез.

Ниагара — Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канада шекарасымен ағып өтетін Ниагара өзенінің орта ағысындағы сарқырама кешені. Әдетте сарқырама суы қатпайды. Тек бетін ғана мұз басып, астынан су ағып жатады. Мұндай ерекше тарихи оқиғаның құнды суретінен адамдардың емін-еркін сарқырама үстінде жүргенін көреміз.

2. Титаниктің соңғы суреті

Ти­таник  ХХ ғасырдың басында жасалған алып кеме. Британ кеме құру компаниясы «White Star Line» құрастырған «Олимпик» класындағы үш кеменің екіншісі. Ең алпауыт кеменің 1912 жылы сәуірде мұздықпен қақтығыспас бұрын түсірілген суреті.

3.1945 жыл. Гитлердің бункері.

1945 жылы Гитлер бункеріне кірген Кеңес Одағының әскері түсірген алғашқы суреттердің бірі.

4. 1888 жыл. Эйфель мұнарасының салынуы.

Алғашында бұл мұнара Бүкіләлемдік Париж Көрмесіне арнап салынған. 

5. Атом бомбасы түскеннен кейінгі Нагасаки.

1945 жылы Нагасаки қаласына атом бомбасы тасталған соң 20 минуттан кейін түсірілген сурет. 

6. 1884 жыл. Азаттық мүсінінің құрылысы.

Азаттық мүсіні — Солтүстік Америкада ағылшын иелігіндегі жерлердің азаттық күресінде Франциямен болған одақтастық ескерткіші ретінде Францияның АҚШ-қа тартқан сыйлығы. Француздар шеберлері мүсіннің мыс бөлшектерін өңдеуде.

7. Альберт Эйнштейннің жұмыс кабинеті

Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негізін қалаушылардың бірі, 1921 жылы Нобель сыйлығын иеленген, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры. Сурет Эйштейн өмірден өткен күні түсірілген.

А. Оралқызы