Күз сиқырын танытатын 13 сурет

Күз сиқырын танытатын 13 сурет
Фото: www.forwallpaper.com

Күз мезгілі романтикаға толы ерекше мезгіл. Адам бойын себепсіз мұң билесе, суретшілер қылқаламын қолына алып бұл мезгілдің ешкім түсініп болмайтын сиқырлы әлемін салуға кіріседі. Жолға шашылған жапырақтар, қалаға жауған жаңбыр, бояулармен көмкерілген орман...

Ги Десаттың қала әуендері

Талантты француз суретшісі Ги Десарт әлемнің бірнеше қалаларында болды. Оның картиналарынан сіз Американы, Жапонияны көресіз. Ал егер, зер сала үңілсеңіз романтикалық Парижді айнымай таныр едіңіз.

Абэ Тошиюкидің сиқырлы бояулары

Жапон суретшісі Абэ Тошиюкидің тамаша туындылары философиялық мәнерімен адамды баурап алады. Маңызды назар аударатын бөлігі: көлдің шалшығы, жапырақтардың сыбдыры, сакура қауызындағы нәзіктік...Суретшінің айтуынша "өнер – көрермен жан дүниесінің айнасы", сондықтан әр көрермен бұл туындылардан өзін көре алады.

Петер Мёрк Мёнстедтің таңғажайып шындығы

Даниялық Петер Мёрк Мёнстед көбіне көп ауыл суреттері мен орман, көлді бейнеледі. Талантты суретшінің таңғажайып сюжетті пейзаждарын ұмыту әсте мүмкін емес. Сұлулық пен әсемдікті көре білген, көрсете шығармашылық иесінің шеберлігі алыстан танылады.  

Лорана Парсельенің шуақты әлемі

Егер бұлтты, бұлыңғыр күнді көріп көңіліңіз түссе, сізге Лорана Парсельенің картиналарымен көз суару қажет. Көңілді суретші көңілсіз күздің өзін көңілді қылып бейнелеп жібереді. 

Джон Эткинсон Гримшоудың жұмбақтығы

Оның көз тартарлық картиналары өзіне тән жұмбақтығымен өзге, мистикалық сарындағы тылсым әдемі тереңіне тарта түседі. Көпшілігі оны  айдан тамған жарықты, тұманды бейнелеуші ретінде таниды. 

Ж. Жұмағұлов