Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Баян Есентаеваның киносына сценарий жазыңыз!

Баян Есентаеваның киносына сценарий жазыңыз!

Баян Есентаеваның киносына сценарий жазыңыз!

Продюсер және актриса Баян Есентаева өзінің кезекті жаңа кинофильміне сценарий іздеуде, деп хабарлайды tengrinews.kz. Оның сөзіне сенсек, жақында ғана оған өзгелер қаржыландыратын киноға продюсерлік ету үшін ұсыныс жасалыпты. 

Есентаева өзіне үнемі фестивальдық кинолардың ұнайтынын айтады. "Бұл, әрине, мен үшін үлкен мәртебе. Бірақ әлі де бұл жөнінде толық ақпарат айту ертерек. Бастысы - қазір сценарий табу. Сондықтан біз ең үздік сценарийге байқау жариялап отырмыз", - дейді продюсер. Ол өзінің мұндай істе бірінші рет білек сыбанып тұрғанын айта келіп, қазақ киносына үлес қосар бір туындыны жасап шығарарына сенеді. 

Продюсердің сөзінше, кинодағы бағытты қайда бұру жөнінде, режисерлік етуге кімді шақыру жөнінде де өзіне таңдау беріліпті.

Баян Есентаеваның таңдауына ілігетін сценарийде міндетті түрде адам өмірінің қызыққа толы тарихы болуы тиіс. "Мысалы онда бір қыздың немесе бір мұғалімнің басына өткен оқиғалары жазылса да болады", - дейді Баян. 

Баян Есентаева қалжың-шынын қайдам, кинода режисерлік етуге Ермек Тұрсыновты да шақыруы мүмкін екендігін айтып қалды. 

Онымен қоса, продюсер жақын арада "Тракторшымен махаббат" атты романтикалық комедияның түсіріліміне кірісетінін айтты. Ол қазақстандық көрермендерді күтпеген жаңалықтар күтетінін, осы оқиға желісімен телехикая түсіруі де мүмкін екендігінен хабардар етті. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: vlast.kz

3117 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 11 сәуір 2013, 17:17
Пікірлер
+0
11 сәуір 2013, 19:00

Бейбіт Сарыбайдың "Жапандағы Тасбақа" фильмінің дайын сценариі бар емес пе?)))

+0
11 сәуір 2013, 21:47

Қой жазайын

+0
11 сәуір 2013, 22:15

Өткенде форумда бір қыз "Алдыма жан салмаймын, қырам, қатырам" деп отыр еді ғой, соған айту керек кен мынаны :D (әй, бірақ, оның Е.Тұрсыновпен басы піспейді, жек көреді ғой оны)

+0
13 сәуір 2013, 22:48

Менде дайыны және жаңа идея бар!Жазып қайда жібереміз екен, халықтың ойын тыңдар болса! :?:

+0
23 сәуір 2013, 23:16

Уау менде сценарий дайын!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...