Леонардо Ди Каприо Абайдың рөлін сомдамайды

Леонардо Ди Каприо Абайдың рөлін сомдамайды

Жақында ғана әлеуметтік желілерде, нақтылай айтқанда "ВКонтакте" парақшаларында Голливуд актеры Леонардо Ди Каприоның Роллан Сейсенбаевтің романы желісімен түсірілетін "Абайдың жастық шағы" атты кинфильмде қазақ ақыны Абайдың рөлін сомдауға келісім бергендігі жөнінде ақпарат тарап кетіп еді. 

"Өзінің күн тәртібіндегі қарбаласып жатқан жұмыстарына қарамай, "Титаник" жұлдызы Роллан Сейсенбаевпен жеке кездесіп, бес минуттық ролик түсіріпті. Тимур Бекмамбетов атақты актердің қазақ киносына түсуге келісімін екі жыл артына түсіп жүріп алыпты" деп шулады жұрт. Cөйтті де, мына суретті жариялады. 

Бұл ақпарат жарияланысымен-ақ, қазақ интернетінің қолданушылары дүр сілкініп, қызықты хабарды қызу талқыға салды. Сөйтсек, бұл кезекті жалған ақпарат болып шықты. 

"Мұның бәрі өтірік. Ди Каприо бұл кинофильмге түспейді. Фильмнің түсіріліп жатқандығы рас. Бірақ ол жайында әлі толық ақпарат айта алмаймыз. Әрине, Ди Каприо жас Абайды сомдап жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Бірақ ол бұл ұсынысқа келісе қоймас", - дейді Вazelevs кинокомпаниясының басылымы.

Жобаның продюсері Тимур Бекмамбетов, ал режисердің кім болатындығы әшірше құпия қалып отыр. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: vk.com

А. Әбілхан