Алматыдағы кассасы жоқ кинотеатр

Алматыдағы кассасы жоқ кинотеатр

«Алмалы» сауда орталығындағы Bekmambetov Cinema кассасыз жұмыс жасайтын болды.

Алматыдағы премиум-класс саналатын Bekmambetov Cinema киноеатры «Тикетон» компаниясымен бірігіп кассаның көмегінсіз, билеттерді онлайн түрде сатуға көшті.

Орталық Азияда кинотеатрға барудың жаңа түрі тұңғыш рет іске қосылып отыр. Билеттер QR-код көрерменнің жеке поштасына хат болып келеді. Сосын оны смартфон арқылы немесе қағазға басып көрскеткен соң фильмге кіруге болады. Сонымен қатар, бұл QR-кодты достарға сыйлық ретінде жеке поштасына жіберуге болады екен.

Киноға кірушілерді тексеруші маман бұдан кейін мобильді сканер қызметі бар смартфон арқылы шұғыл түрде тексере алады. Әрбір жасалған сауда мен кинозалға кіру арнайы бағдарлама арқылы бақылауда болады.

Интернет арқылы билет сатып алған көрермен кассадан sms-код алу арқылы дәстүрлі жүйемен киноға кіре алмақ.

Ticketon.kz – 2012 жылдың 24 мамырында іске қосылған. Бұл қызмет билеттерді онлайнда сатып алу мүмкіндігін ұсынады. Қазіргі уақытта мұндай қызмет еліміздің 11 кинотеатрында бар. Бұл арқылы театр мен концерттерге де билет алуға болады. Жұмысты бастап кеткелі бері 8 ай уақытта онлайн түрде билет сатып алушылардың саны - 19 000.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: yvision.kz

А. Құлтай