«Достар Ұлттық арнада табысады!» атты промо-акция өтті

«Достар Ұлттық арнада табысады!» атты промо-акция  өтті

Салтанатты шара қазақстандық жаңа телехикаяның тұсаукесеріне орай ұйымдастырылды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісіне Ұлттық арна баспасөзі хабарлады.

Оған «Достар» телехикаясының актерлері мен қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысты.

"Арбатқа" жиналған алматылықтар мен қала қонақтары сайыстарға қатысып, викторина сұрақтарына жауап берді. Жеңімпаздар «Достар» телехикаясының жұлдыздарымен бірге суретке түсті. «Достар» телехикаясының актерлері ән айтып, достық тақырыбына арналған сұрақтарға жауап берді.

Промо-акция бір сарында, қызықты өтті. Соңында актерлар бірігіп шашу шашып, жиналған халайық тәттіге тойды.

«Достар» телехикаясының бірінші сериясы 9 сәуір күні сағат 21.50-де эфирге шығады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

А. Құлтай