Француз фильмдерінің фестиваліне асығыңыз

Француз фильмдерінің фестиваліне асығыңыз

Сәуірдің 18 мен 21 аралығында Алматыда, міне төртінші рет «Қазіргі француз киносы» фестивалі өтеді. Аталмыш шара «UniFrance Films» қауымдастығы мен «Арман» киноорталығының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. 

Биыл Қазақстандағы Франция жылына орай, дәстүрлі фестивальдің бір ерекшелігі де осы болмақ.

«UniFrance Films» Президенті Жан-Поль Саломе «Қазіргі француз киносы» фестивалінің Алматы киносүйер қауымының аса күтетін іс-шараға айналғанын, әр жыл сайын ұсынылатын фильмдердің алуан түрлілігі, сондай-ақ дәстүрлі қысқаметражды кино түні әрбір көрерменге өз талғамына сай туындыны табуға көмектесетінін айтады. 

Осы жылғы бағдарлама келесі фильмдерді қамтиды:

«Қайта жанған үміт оты», драма, 2012,  реж. Жак Одияр. Рөлдерде: Марион Котийяр, Матиас Шонэртс, Були Ланнерс, Коринн Мазиеро.

«Әзілдейтін кез емес», комедия, 2012, реж. Давид Шарон. Рөлдерде: Омар Си, Лоран Лафит, Сабрина Уазани, Лионель Абелански.

«Күтпеген тағдыршешті кездесу», комедия, 2012, реж. Филип Лелуш. Рөлдерде: Венсан Перес, Ваина Джиоканте, Жак Вебер, Клоэ Куллу.

«Ренуар.  Соңғы махаббат», драма, 2012, реж. Жиль Бурдос. Рөлдерде: Мишель Буке, Криста Тере, Венсан Ротье.

«Эрнест пен Селестина: тышқан мен аюдың таңғажайып оқиғалары», мультфильм, комедия, 2013, реж. Стефан Обье, Венсан Патар, Бенжамен Реннер. Орысша мәтін: Татьяна Лазарева, Александр Пушной.

«Қысқаметражды фильмдер түні» бағдарламасы сәуірдің 19 мен 20 аралығында өтіп, әдеттегідей француз таңғы асымен аяқталады.

Фестивальді тұрақты Алматы қ. Әкімдігі, Қазақстандағы Франция елшілігі мен Алматы Француз Альянсы қолдап келді. Бас демеуші – «Технодом» компаниясы, ал бірінші фестивальден бері қолдап келе жатқан негізгі серіктес – «Hennessy» әлеуметтік-мәдени қоры.

Фестивальдің ашылуы мен жабылуы, сондай-ақ негізгі көрсетілімдер «Арман» киноорталығында өтеді.

Анықтама үшін

Юнифранс Фильм (UniFrance Films) 1949 ж. негізі қаланған. Бұл француз кинематографы кәсіпқойларының қауымдастығы үкіметтің қолдауына ие болып, француз фильмдерін халықаралық деңгейде дамытумен айналысады.

Сурет: strana.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina