"Оз: Ұлы әрі қорқынышты" америкалық прокатта топ жарды

"Оз: Ұлы әрі қорқынышты" америкалық прокатта топ жарды

"Оз: Ұлы әрі қорқынышты" фильмі америкалық прокатта алғашқы аптада 80,3 миллион доллар жинап, көшбасшы атанды.

Ал әлемдік прокатта картина небары 69,9 миллион доллар жинады.

Айта кетелік, лентаның бюджеті 215 миллион долларды құраған. Ал жұмсалған қаржы ақталуы үшін картина тағы 500 миллион доллар жинауы керек.

«Оз: Ұлы әрі Қорқынышты» («Оз: Великий и Ужасный») фильмі – Дисней студиясының фантастикалық-шытырман оқиғалы блогбастері. «Алиса в стране чудес», «Аватар» және «Человек-паук» трилогиясының авторларынан тағы да бір аса қызықты фильмнің бас кейіпкерін Джеймс Франко сомдайды. Мұнда Мила Кунис, Рейчел Уайз, Мишель Уильямс және Зак Браффтардың шеберлігі мен қоса Митчел Капнер мен Дэвид Линдси-Абаирдің кереметтей сценарийіне қанық боласыз.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Массагет мұрағатынан

Massaget