Стивен Спилберг Наполеон туралы хикая түсірмек

Стивен Спилберг Наполеон туралы хикая түсірмек

Голливудтық атақты режисер Стивен Спилберг Франция қолбасшысы Наполеон Бонапарт туралы шағын сериал түсірмек.

Хикая Стэнли Кубриктің сценарийі бойынша түсірілетіні белгілі болды. Бұл режисер "Заводной апельсин", "Сияние" және "Космическая одиссея" секілді фильмдерімен танылған болатын. Кубрик бұл сценарийді Наполеонның өмірін нақтылай зерттеп, 1961 жылы жазған болатын. Киностудия басшылығына арналған хатында ол «Тарихтағы ең ұлы фильм» жазып шығамын деген екен. Басты рөлдерге Одри Хепберн мен Оскар Вернер ойнайды деп қарастырылыпты. Бірақ өз кезінде бұл фильм қаражаттың аздығынан әрі техниканың жоқтығынан түсірілмей қалған болатын.

Қазіргі таңда Кубриктың сценарийін хикая желісіне пайдалану көзделіп отыр. Спилбергтың айтуы бойынша, ол хикаяның құрылымы бойынша, жұмыс жасап жатыр екен. Қоса кетсек, Стивен бған дейін де Кубриктың сценарийлерімен жұмыс жасаған еді. Мәселен, 2001 жылы Спилберг "Искусственный разум" деген фильм түсірген. Бұл жобаны Кубрик 70 жылдары-ақ ойластырып қойыпты.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: calend.ru

А. Құлтай