Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Кино. Биыл жарыққа шығатын фильмдер

Кино. Биыл жарыққа шығатын фильмдер

Кино. Биыл жарыққа шығатын фильмдер

Бәзбіреулер 2012 жылды "Ақырзаман жылы" деп атап, бір өзгерістің боларына сенім білдіруде. Ал кино түсірушілер мұндай сөздерге құлақ аспай, өз көрермендеріне жаңа туындыларын ұсынуға асығуда. Қызықты оқиғалар желісі мен сүйікті әртістердің ойынын көруге болатын әр түрлі жанрда түсірілген бірталай фильм 2012 жылы жұрт назарына ілінеді. Әрине, олардың көрермендердің көңілінен шығатынын дөп басып айту қиын. Әйтсе де, биыл жарыққа шығатын бірқатар фильмдерді көрермен қауым тағатсыздана күтіп жүргені хақ. Назарларыңызға экраннан алдағы айларда көрсетілетін фильмдер тізімін ұсынамыз.

Аштық ойындары (The Hunger Games)


Сьюзан Коллинз шығармасының желісімен түсірілген фантастикалық оқиға. 12 өңірден тұратын Панем мемлекетінде жыл сайын аштық ойындарын өткізеді. Ойынға қатысатын жұптар ақтық сынға дейін бірігіп жаудан қорғануы керек. Ақтық сынға түскенде бұл жұп өзара тартысқа түседі. Ойын шарты бойынша, тірі қалған жан жеңіске жетеді. Фильмнің бас кейіпкерлері Кэтнисс пен Пит ойынға қатысады. Пит Кэтнисске сырттай ұнатады. Бірақ та, ойынның аты ойын. Пит өзінің жанын сүйіктісі үшін қияды ма?!

Қазақстандағы премьерасы 23 наурызда өтеді.

Титаник 3 D (Titanic 3 D)


Әйгілі кино. Әйгілі оқиға. Әйгілі махаббат хикаясы. Джеймс Кэмеронның романтикалық блокбастері 3 D форматта жарыққа шығады. Әйгілі оқиғаны баяндайтын бұл фильм өткен ғасырда әлемдік рекордты жаңартқан еді.

Жаңа форматтағы фильм экраннан 5 сәуірден бастап көрсетіледі.

Мың бала


Жоңғар шапқыншылығы кезінде жауға қарсы тұрып, елін қорғаған өжет жастар туралы түсірілген Ақан Сатаевтың фильмі. Тарихтан сыр шертетін шытырман оқиғада қазақтың ерлік көрсеткен ұл-қыздары мен батыр тұлғаларының болмысы бейнеленеді.

Тарихи фильм көрермендер назарына сәуір айының 25-жұлдызында ұсынылады.

Мадагаскар 3 (Madagascar 3: Europe’s Most Wanted)


Үлкеннің де, кішінің де қызығушылығын оятып, көңілінен шыққан мульпликациялық туынды өз жалғасын табуда. Бұл жолы Алекс, Глория, Марти және Мелман кезбелі цирк құрамына қосылады.

Атақты төрттік өз көрермендерімен маусым айында қауышатын болады.

Мұз дәуірі 4: Континетальды дрейф (Ice Age: Continental Drift)


Мультипликациялық қызықты оқиға жалғасады. Қатты жел салдарынан өз тобынан алыста қалып қалған кейіпкерлер айсбергпен мұхитты шарлап, мүлдем болмаған керемет мекендерге тап болады. Ал Скрэт аңсаған емен жаңғағына қол жеткізеді.

Қызықты оқиғаны 12 шілдеде көре аласыздар.

Кек мекені 5: Жаза (Resident Evil: Retribution)


Танымал триллердің бесінші бөлімі. Кемені басып алу операциясы кезінде тірі қалған басты кейіпкер Элис пен оның серіктері суға кеткен кеме ішінде болады. Олар өз өмірлерін сақтап қалуға тырысады.

Шытырман оқиғаға толы фильм экраннан қыркүйек айында көрсетіледі.

Сумерки. Сага. Таңсәрі, 2-бөлім (The Twilight Saga: Breaking Dawn — Part 2)


Танымал оқиғаның жалғасында сүйіктісі сияқты вампирге айналатын Белланың өмірі туралы баяндалады. Фильмде басты кейіпкерлердің өміріндегі өзгерістер мен жаңа қауіптер туралы суреттеледі.

Көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп үлгерген оқиғаның жалғасы қараша айында көрсетіледі.

Тізімдегі кинолардың қай-қайсы да барынша танымал. Қай киноны тағатсыздана күтесіз?


Суреттер: samogo.net, hunger-games.ru, corphost.org, www.kazakhfilmstudios.kz 

4729 10
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 01 наурыз 2012, 17:00
Пікірлер
+0
01 наурыз 2012, 17:38

"Мың балаға" біздің факультетте оқитын бір бала түскен. Айдос деген. ) Анау сол жақтан санағанда екінші тұр )Титаник менің сүйіктім )

+0
01 наурыз 2012, 17:49

туф, осы сумерки да бітпейді де қоймайды да

+0
01 наурыз 2012, 22:27

ең асыға күтетінім Мадагаскар мен Ледниковый период! Сосын Мың бала! Титаникті көруге олады. Қалғандары былжырақ!

+0
01 наурыз 2012, 22:34

Тағы форсаж алты, темный рыцарь: аңыздың оралуы, Шерлок Холмс үш деген сияқтыларды күтем

+0
01 наурыз 2012, 23:19

оу, Ақан Сатаев! «Мың баланы» өз тізіміме қосып қойдым.



Одан бөлек мына фильмдерді көрем, бұйырса.



Марвелдің бірнеше супербатырларын біріктіретін «Мстители» фильмі:







Ченннинг Татум, Дуэйн Джонсон, Брюс Уиллис, сонымен қатар корей сериалдарының жұлдызы Ли Бён Хон («Нар тәуеклдегі» Ким Ина) ойнайтын «Бросок кобры 2: Возмездие» фильмі:







Голливуд боевигінің аңыз актерлері (Сильвестр Сталлоне, Джейсон Стэйтем, Джет Ли, Дольф Лундгрен, Чак Норрис, Жан-Клод Ван Дамм, Брюс Уиллис, Арнольд Шварценеггер) бас қосатын «Неудержимые 2» фильмі:








Уилл Смит ойнайтын «Люди в черном 3 » фильмі:



+0
02 наурыз 2012, 00:13

Мадагаскар, Мың баланы күтеммм)))

+0
02 наурыз 2012, 16:45

О,Титаник! Менің сүйікті фильмдерімнің бірі!

+0
05 сәуір 2012, 14:39

қашан көрсетеді екен "Мың баланы"?

+0
05 сәуір 2012, 14:40

Айдосты көрейік

+0
05 сәуір 2012, 14:41

25-сәуір

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...