Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Мультфильм кейіпкерлеріне тұрғызылған ескерткіштер

Мультфильм кейіпкерлеріне тұрғызылған ескерткіштер

Мультфильм кейіпкерлеріне тұрғызылған ескерткіштер

Кинематограф саласында мультипликациялық фильмдердің алатын орны ерекше. Себебі, мультфильмдер үлкеннің де, кішінің де қызығушылығын оятады. Ал мультфильм кейіпкерлерінің бейнесі көрермен жадында мәңгі сақталса, кейіпкерлер сөздері күнделікті өмірде кеңінен қолданылуда.

Таяуда кино кейіпкерлеріне тұрғызылған ескерткіштер жайлы айтқан болатынбыз. Ендігі кезекте көрерменнің ілтипатына бөленіп, сүйікті кейіпкерлеріне айналған мультфильм қаһармандарына қойылған ескерткіштер туралы айтуды жөн санадық.

1. Ресейдің Раменское қаласында бірнеше  мультфильм кейіпкерлеріне арнап ескерткіштер тұрғызылған. Жоба авторы танымал мүсінші - Олег Ершов. Ескерткіштер 2005 жылы тұрғызылған.


Атақты мультфильм кейіпкерлері Қолтырауын Гена, Чебурашка, Шапокляк


«Винни Пух және басқалар» мультфильмінің барлық кейіпкерлерінің ескерткіштері орнатылған


«Простоквашино» мультфильмінің кейіпкерлері Шарик, Матроскин, Почтальон Печкин (жоба авторы Полина Горбунова)

«Ну, погоди» мультфильмінің кейіпкерлері Қасқыр мен Қоян

2. Воронеж қаласы, Лизюков көшесінде «Лизюков көшесінің мысығы» («Котенов с улицы Лизюкова») мультфильмінің кейіпкерлері мысық пен қарға ескерткіші 2003 жылы тұрғызылды. Бұл Эльза Пак пен Иван Дикуновтың мүсіні. Ал ескерткіш эскизын мектеп оқушысы Ирина Поварова жасаған.


3. Ағайынды Гриммдердің ертегісінің желісімен түсірілген «Бремен музыканттары» мультфильмінің кейіпкерлерінің құрметіне бірнеше ескерткіштер тұрғызылған.


Рига қаласы, Латвия


Бремен қаласы, Германия


Хабаровск қаласы, Ресей

4. Атақты Маугли мен Багира ескеркіштері екі қалада орналасқан.


Бұл ескерткіш Ленинград облысы, Приозерск қаласында 1969 жылы тұрғызылған

Николаев қаласындағы зообақ маңында орналасқан ескерткіш

5. Нью-Йорк қаласында «Алиса в стране чудес» мультфильм кейіпкерлерінің ескерткіші


6. Киев қаласы, Украина. 1975 жылы түсірілген «Ежик в тумане» мультфильмі кейіпкерінің ескерткіші


Суреттер: ulin.ru, autotravel.ru, kievtown.net, top10best.ucoz.ru

3747 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 27 ақпан 2012, 10:00
Пікірлер
+0
27 ақпан 2012, 11:55

Барлығы да менің сүйікті мульфильмдерім. Қанша көрсем де жалықпаймын. Кішкентай кезімде Қолтырауын Генаның өлеңін жаттағанмын. Әлі күнге дейін жатқа білемін))

+0
27 ақпан 2012, 12:34

Туу,ескерткіштер қандай әдемі. Біздің елімізде де осындай ескерткіштер жасаса ғой. Ұлттық бояуы анық кейіпкерлерден.

+0
27 ақпан 2012, 13:31

Бізде,Қарағандыда "Где,где, в Караганде?" деген сөз тіркесіне ескерткіш қойды да артынша алып тастады. содан кейін "кошка гуляющая сама по себе" деген ескерткіш бар

+0
27 ақпан 2012, 15:35

Менің ойымша, осындай ескерткіштер тұрғызып ақша ысырып еткенше, ақшаны басқа пайдалы істерге жұмсаса дұрыс болатын секілді.

+0
27 ақпан 2012, 15:46

Мысалы отандық мультфильм өндірісін дамытса гой???

+0
27 ақпан 2012, 15:49

Ата, мақалы оқып шықсаңызшы, бұл Қазақстан емес қой! Оларда дамып қойған.

+0
27 ақпан 2012, 16:05

йожыг порадовал ))))
и матроскин))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...