"Сегізінші тамыз" киносы

"Сегізінші тамыз" киносы

Мемлекет: Ресей, 2012

Премьера: 22.02.2012

Режиссері: Джаник Файзиев
 

 Жанры: Әскери драма

Киноны көруге алғашында суреттегі құлтемірлер итермелейді. Режиссерлер не ойластырды екен, қалай ғана екі ел арасындағы соғысқа құлтемірді сәйкестендіре алды екен деп ойлайсыз. Бірақ бұл құлтемірлер американдық кинолардағы соғыс уақытында көмекке келетін құлтемірлер емес. Бұл баланың ішкі ойы. Яғни ата-анасы ажырасқан, ал анасының ойында баладан басқа жетерлік мәселесі көп Артем есімді баланың қиялы. Жалғызсыраған бала осыдан болар, кинодағы құлтемірлер құтқарады деген сенімде болған. Анасы Ксения Мәскеу қаласының қарапайым азаматшасы. Ажырасқаннан кейін өз өмірін қайта құрып, жанұялық бақытқа сүйіктісі Егор есімді банк қызметкерімен кенелгісі келеді. Осылайша біраз уақыт өтіп ол арманына жетті: сүйген жігіті Егор оны Сочиға біраз күнге демалысқа шақырады, ұлы жеті жасар Артемді бітімгер әскерлер қатарында қызмет ететін әкесінің жанына Кавказға екі аптаға демалуға жібереді. Сәттіліктің беті бері қарап тұрған мезетте, Ксения әскери іс-қимылдардың басталғанын естіді. Бұл жай ғана әскери іс-қимыл емес, ұлы Артемнің  демалысқа кеткен жеріне төнген қауіп еді. Өтіп жатқан іс-әрекеттің шынайылығына сенбеген Ксения, бір мезет болса да отырып ойланбай, өмірінің мәні, жүрегінің бөлігі болған ұлын құтқаруға жолға аттанады. Ана жүрегі неткен мейірімді десеңші! Заманның қиындығына қарамай, Ксения барлық тосқауылдан өтіп шығады. Бірақ Артем осы ана махаббатын түсіне білді ме? Әлде құлтемірлер құтқарды деп ойлай ма? Бұл сұраққа толық жауапты кинодан ала аласыздар.

Бала қиялы болған құлтемірлер кинода ешқандай маңызды іс атқармайды. Осыны ойлай отырып, киноның құлтемірді көрсету арқылы көтергісі келген жасырын мәселесі бар секілді. Режиссер Джаник Файзиев елді құтқарған темір-терсектер емес, адамның еліне деген сүйіспеншілігі мен махаббаты екендігін білдіргісі келген болар. Және киноның негізін соғыспен байланыстырып, ана махаббатының шексіз екендігін көрсете білген.

Кинода соғыстың шынайы екендігін білдіру үшін арнай танктер қолданылған. Атыс-шабыс шынайы әрі әсерлі көрініс береді. Премьера уақытын да отан қорғаушылар күніне арнайы таңдай білген. Бұл кинодан Джаник Файзиевтің кино өнерінде потенциалы бар екендігін байқауға болады.

 

Суреттер: www.cwer.ru 

Форумда талқылау 

a. aaa