Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Пидің өмірі" қалай түсірілді?

"Пидің өмірі" қалай түсірілді?

Қаңтар айында қазақстандық көрермендерге режисер Энг Лидің "Пидің өмірі" фильмі ұсынылды. Лента прокатқа шыққалы бері әлемдік сыншылар картинаның графикасы өте сапалы орындалғандығын талмай айтып жатыр. Әсіресе үш өлшемді жабайы жануарлар мен мұхиттағы көріністер ерекше айтып өтуге тұрарлық. Бұл әңгімемізде оқырмандарға осы арнайы эффектілердің қалай жасалғандығы туралы айтып береміз.

Фильм трейлері

"Таулы қырат" фильмі үшін "Оскар" сыйлығын алған тайваньдық режисер Энг Ли фильмді канадалық жазушы Ян Мартелдің "Пидің өмірі" романының негізінде түсіріп шықты. Жазушы кітабы үшін Пулицер сыйлығына ие болған. Осы орайда айта кетелік, "Пидің өмірі" картинасы биылғы "Оскар" премиясында 11 номинация бойынша бақ сынайтын болады.

Жобаның бюджеті 120 миллион долларды құраған. Түсіру жұмыстары Тайвань аралында және Үндістан, Канада елдерінде жүргізілді.

ап

ва

Фильмді түсіруге 3 жарым жыл кеткен. Жоба мүшелерінің айтуынша, ең қиыны судағы көріністерді түсіру болған. Айта кетелік, картинаның үштен екі бөлігінде Пидің мұхиттағы өмірі баяндалады. Осы орайда техник Чарли Ву былай деді: "Энг эстетикалық тұрғыдан саяхаттың әр бөлігінде судың түрлі қабатын көрсетіп отыру дұрыс болатындығын жақсы түсінді. Сонымен қатар, фильмнің әр бөлігінде әр қилы жарық түсіру керек болды. Осылайша қолдан түрлі көлемдегі толқындарды пайда қылу үшін алып резервуар салдық. Салынған резервуардың көлемі Олимпиада ойындары үшін қолданылатын бассейндерден кем болмады. Тереңдігі 270 сантиметр болды. Оның ішіне 660 мың галлон су (2500 тонна) сыятын еді. Жұмыс жасау принципі қарапайым. Резервуардың шетінде 12 мотор орналасқан. Моторлар суды тартып, керек кезде қайта жіберіп отырды. Кейіпкердің үстіне құйылып отырған су мен қайықтың шайқалуына ешқандай графика қолданылған жоқ".

ва

ва

Бассейннің техникалық мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, мұхиттағы кейбір көріністер компьютерлік графика арқылы жетілдіріліп отырды. Мұхиттағы көріністермен екі алып визуалды эффектілер студиясы айналысты - америкалық Rhythm&Hues және британдық Moving Picture Company. Америкалықтар тыныш тұрған мұхитпен айналысса, британдықтар дауылдық көріністерді өңдеп отырды.

ва

ва

Мұхиттың визуализациясы Mantra бағдарламасымен жасалған. Moving Picture Company ұйымы іске кіріспестен бұрын кадрдегі қайықтың, кеменің ырғалуларын түпкілікті зерттеп алды. Дауылдық көріністерді жасау жұмыстары содан соң басталды. Яғни, мамандар кеменің қозғалысы алып дауылдың себебінен орын алып жатқандай болатын иллюзия тудыру керек болды. Ұжым осылайша 12 минуттық көрініс жасап шықты.

ап

пр

ап

Мамандардың ең үлкен жұмысы ретінде жабайы жануарлардың графикасын айту керек. Ричард Паркер атты жолбарыс фильмдегі басты рөлдердің бірін сомдайды. Картинада жыртқыштың өзі көріністердің тек 10 пайызында бой көрсетті. Қалған пландарда аң компьютерлік графика арқылы жасалды. Айта кетелік, актер Сурадж Шарма (Пи) түсірілім жұмыстары кезінде жануармен ешқашан бетпе-бет келген жоқ. Жолбарыс секілді орангутанг та, гиена да, зебра да компьютерлік графика арқылы салынды.

аппр

Графикамен айналысқан мамандардың айтуынша, зебраның үстінде 19,5 миллион қылшық бар болса, жолбарыста - 10,4 миллион, гиенада - 9,7 миллион, орангутангта - 640 мың 219 қылшық бар екен.

ук

Режисер Энг Ли және актер Сурадж Шарма

Фильмде визуалды эффект қолданылған 960 көрініс бар екен. Осылайша ерекше оқиғаның контекстінде картина әдемі, әрі естен кетпеc сәтті болды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: tvidi.ru, altapress.ru, itar-tass.com, brick.in.ua

2546 6
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 29 қаңтар 2013, 00:02
Пікірлер
+0
28 қаңтар 2013, 18:43

Е басе)

+0
28 қаңтар 2013, 20:16

Мда. Қатты әсер еткен фильмнің кайфын бұзасыңдар ғой осылай

+0
28 қаңтар 2013, 23:49

кызык кино екен 1 кору ге болды

+0
29 қаңтар 2013, 07:57

әлі көрмеппін)

+0
29 қаңтар 2013, 09:52

Маған ұнап еді

+0
29 қаңтар 2013, 12:53

төөөк қызық емес(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...