Тарантиноның ең аяусыз фильмі

Тарантиноның ең аяусыз фильмі

Квентин Тарантино «Джанго босаған» фильмін көрерменге ұсынды. Фильм Серджо Корбуччидің режисерлік еткен фильмінің протатипі. Бұл картина Италияда 60-70 жылдардағы ең атақты қанды фильмі болып саналады.

Фильмде қанды кадрлар мен афроамерикандықтарды қорлау сөздері көп болғандықтан Голливудтың ең аяусыз фильмі ретінде танылып отыр.

Әлсіздерді қорлап өлтіру, ату, шабу әрекеттеріне толы фильм «қатал» режисердің жаңа жылдық сыйлығы көрінеді. Десек те, компьютерлік графика мен спецэфектілер барынша аз қолданылғанын айтып өтейік.

Квентин Тарантино, режисер:

- Зорлықтың не екенін білу үшін сол заманда өмір сүрулеріңіз керек еді. Қазірде Америка бұл тақырыптан қашады. Бірақ мен белгілі шеңберден әлі де асқан жоқпын.

«Джанго» Оскар сыйлықтар тізіміне ілініп те қойды. Бұл үшін аталған фильм Стивен Спилбергтың «Линкольн» картинасымен таласқа түспек. «Линкольн» - АҚШ-тың 16-шы президентінің құлдыққа қарсы төтеп беруін баяндайтын фильм.   

Джанго – (Джеймс Фокс) бұрынғы құл. Ол өзін құтқарып алған Кристофер Фокс кейіпкерімен достасып, іздестірілуде жүрген қылмыскерлерді өлтіре бастайды.

Фильмнің басты кейіпкері ретінде Уилли Смит те болуы мүмкін еді. Бірақ оған бұл роль тым күмәнді көрінген екен. Фильмде Леонардо Ди Каприо да көрерменмен қауышады. Сондықтан да, фильм біз бен сіз күткен әсерді сыйлай алады деген сенімдеміз. Ендеше 17 қаңтарда кинотеатрда жүздескенше!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: kinote.info

А. Құлтай