Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / 2012 жылы экранға шыққан үздік отандық фильмдер

2012 жылы экранға шыққан үздік отандық фильмдер

2012 жылы экранға шыққан үздік отандық фильмдер

Құрметті оқырман, бүгін біз отандық киноларға шолу жасамақпыз. Біз 2012 жылы қандай кинофильмдерді тамашаладық? Олардың ішіндегі үздіктері қайсы? Кеттік, ендеше, бірге анықтайық!

Режиссер Абдолла Қарсақбаевтың ұлы Тоқтар Қарсақбаевтың «Қазақфильм» студиясының қолдауымен түсірген «Махаббат әткеншегі» кинофильмі қазіргі заман жастары туралы. 

Режиссер Ерлан Сағыновтың «Армандастар» («Ради будущего») фильмін «Қазақфильм» студиясымен біріге отырып өмірге әкелді. «Армандастар» - «Болашақ» стипендиясы жүлдегерлері туралы фильм. Басты кейіпкерлердің бейнесін Әділ Ахметов, Елдар Отарбаев, Айнара Ырысдәулетова, Марлен Жұмақов, Ғабит Мұстафа, Андрей Марычев сияқты актерлер сомдайды. Фильмнің тұсауы 15 мамырда алғаш Астана қаласында кесілді.

Режиссер Ахат Ибраевтың бұл фильмінің таныстырылымы 10 желтоқсанда «Арман» кинотеатрында өтті. «Аңыздар кітабы: Сырлы орман» - Фэнтези жанрындағы отандық тұңғыш фильм. 

 

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп түсірілген фильмнің режиссері Ермек Тұрсынов. Басты кейіпкерлердің рөлін актер Ерболат Тоғызақов пен Орынбек Молдахандар сомдайды. Фильм Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаясы желісі бойынша түсірілген. "Шал" "Жыл фильмі" деген ат алды. 

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының туындысы қазақстандық прокатқа 22 қарашада шықты. Режиссер Әмір Қарақұловтың "Ғаламтордағы махаббат" фильмі прокаттағы алғашқы аптасында 20 миллион теңге жинады. Басты рөлдерді Бибігүл Ақтан және Артур Смольянинов сомдайды.

 

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының қолдауымен түсірілген тоқсан минуттық фильмнің режиссері - Дәрежан Өмірбаев. «Студент» фильмі  Канн кинофеститвалінде "Ерекше көзқарас" категориясына жатқызылды. 

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының кезекті туындысының премьерасы 29 тамыз күні Алматыда өттті. Лентада 13 жасар Қамбардың басынан кешкен оқиғалары бейнеленген. Басты рөлдерді Санұржан Сүлейменов, Жүрсін Ерман, Әуелхан Идришева, Иманғали Мазімбай, Әбдімансұр Серіковтер сомдайды. Қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың бұл фильмі Анапада XXI ашық халықаралық "Киношок" фестивалінде қазылар алқасының бірыңғай шешімімен "КиноМалыШок" конкурсының үздік лентасы деп танылды.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясымен бірлесіп түсірген фильмнің  режиссері Асқар-Мұхит-Нарымбетов. «Қара шаңырақ» ағайынды Нарымбетовтердің алғашқы төл туындысы.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясымен бірлесіп түсірген режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмі алғашқы көрсетілімнен-ақ, (3-6 мамыр аралығында) 1 миллион долларға жуық қаржы жинады. Картина, сонымен қатар, 17 мамыр күні Канн фестивалінде көпшілікке ұсынылып, көрермендердің ерекше ілтипатына ие болды. 

   

Бұл біз тамашалаған барлық туынды емес, әрине. Тек көзіқарақты көрерменнің үздіктер ішінен таңдағаны - осылар. 2012 жылы жарық көрген отандық кинофильмдердің саны аз емес. 2013 жылдан да сапасы мен саны жағынан қалыспайтын тамаша туындылар күтеміз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: kazakhfilmstudios.kz, about.kz

6929 11
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 27 желтоқсан 2012, 17:17
Пікірлер
+0
27 желтоқсан 2012, 17:22

кім қайсысын көрмеді?

+0
27 желтоқсан 2012, 17:32

«Аңыздар кітабы: Сырлы орман» - осы киноны көргім келіп жүр, көргендер бар ма, қандай екен?

+0
27 желтоқсан 2012, 17:33

Мен көрдім, іш пыстырарлық )

+0
27 желтоқсан 2012, 18:33

мен мыналардын биринде кормеппин кору керек екен

+0
27 желтоқсан 2012, 18:39

Мен мына кинолардың барлыгын кордім. Бірақ "Шалдан" басқасы ұнамады

+0
27 желтоқсан 2012, 18:41

Ғаламтордағы махаббат қызығырақ

+0
27 желтоқсан 2012, 21:38

"Жау жүрек мың баладан" басқасын көрмеппін

+0
27 желтоқсан 2012, 22:18

Шал мен Жаужүректен басқасын көрмеппін.

+0
27 желтоқсан 2012, 22:31

Kop kino tysirip tastaptyk ko. 2 gana kordim

+0
28 желтоқсан 2012, 16:41

Жау жүрекке мың бала ұнады. Ал, Шал одан да қатты.

+0
29 желтоқсан 2012, 12:47

"ШАЛ"ұнады!басқалары не очень!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...