Анджелина Джоли соғыс туралы кино түсірмек

Анджелина Джоли соғыс туралы кино түсірмек

Голливудтық актриса Анджелина Джоли  Екінші дүниежүзілік соғыс туралы кино түсіруді қолға алыпты. Бұл туралы  The Hollywood Reporter хабарлайды.

Джоли аталған фильмді Лора Хилленбрандтің (Laura Hillenbrand) 2010 жылы шыққан "Несломленный" (Unbroken) романының желісі бойынша түсіретін болады. Айта кетсек, романда Олимпиада ойындарына қатысып, соғыс жылдарында жау тылында 47 күн өткізген ұшқыш Луи Дзамперинидің ерлігі, батырлығы турасында айтылады. 

"Лора Хилленбрандтің  бұл тамаша кітабын оқып шықтым. Дзамперинидің ерлігіне сүйсінгенім соншалықты бірден кино түсіру тұрғысында келісім-шарттар жасаса бастадым", - депті Джоли.

Кино "Universal Pictures" студиясында түсірілмек.

сурет:zastavki.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига