«Сәттілік джентльмендері» комедиясы Алматыға жетті

 «Сәттілік джентльмендері» комедиясы Алматыға жетті

Бекмамбетов  «Сәттілік джентльмендері» комедиясының ремейкін алматылық көрермендеріне тарту етті. Фильм премьерасы Алматыда Bekmambetov Cinema кинотеатрында өтті. 

Бекмамбетов Александр Барановтың бұл фильмін ремейк емес, нағыз кинофильм деп атады.

Оның айтуынша, алдыңғы уақыттарда жаңа режисерлер осы фильмді басқа қырынан көрсетіп түсіруге бел буғанша фильмнің ғұмыры әлі ұзақ болады. Ол, сонымен қатар, фильмдегі Безруковтың актерлік шеберлігіне тәнті болды. Актер бір фильмде үш рөлді: Смайлик атты баукеспенің, оның сыңары Трешкиннің және Бармалайдың рөлдерін сәтті сомдап шықты.

Басты рөлдерде - ресейлік актерлер Сергей Безруков, Гоша Куценко, Дато Бахтадзе, Антон Богданов және Марина Петренко.

Фильмнің премьрасына арнайы келген актер Гоша Куценко фильм сценарий бойынша Мысырда түсірілуі керек екендігін айтады. Бірақ қиын саяси жағдайлардың орнауына байланысты түсірілім Израильде өз жұмысын жалғастырды. 

Куценко сценарий бойынша фильмде даусы қарлығып сөйлеуі керек болатын. Бірақ түсірілім кезінде Безруков оған тұтығып сөйлеуді ұсынған екен. 

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: 7days.ru

А. Әбілхан