Латын Америкасының үздік киносы таңдалды

Латын Америкасының үздік киносы таңдалды

Гаванада жаңа кино туындылардың ішінен 2012 жылдың үздік фильмдері таңдалды.

  2012 жылдың толықметражды фильм номинациясында чилилік режисер Пабло Ларраинаның «Жоқ» киносы үздік деп таңдалды. Фильмде 1988 жылғы Чили жеріндегі референдум туралы баяндалады. Басты рөлде ойнаған жарнамашы Рене Сааведрдің рөлін мексикалық актер  Гаэль Гарсия Берналь сомдаған. Сонымен қатар киноның басты режисері Ларраина 2012 жылғы Латын Америкасының үздік режисері деген номинацияны да жеңіп алды.  Ол «Чилидің өткені мен бүгінін тамаша үйлестіре білген», -дейді байқаудың төрешілері.

Екінші орынды режисер Андреас Вудудың «Виолета көкке аттанады» фильмі алды. Үшінші саты бразилиялық режисер Клаудио Ассисаның «Тышқан безгегі» фильміне бұйырды.

Ал «Балық аулау күндері» атты аргентиналық режисер Карлос Соринаның киносы «арнайы» сыйлықтың иегері атанды.

Айта кетейік, Гаванада өткен Латын Америкасының кино фестиваліне Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Доминикан Республикасы, Мексика, Парагвай, Чили, Уругвай және де басқа елдердің режисерлері қатысты. Додаға 19 толықметражды, 20 қысқаметражды, 23 документалды, 27 анимациялық фильм түсті. Жарты миллионға жуық көрермен Гавананың 14 кинотеатрында 46 елдің 566 фильмін тегін тамашалаған. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: kinote.info

Ю. НИКУЛЛИН