Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Бекзат Саттарханов жайлы фильмнің басты рөлі Асылханның қанжығасында

Бекзат Саттарханов жайлы фильмнің басты рөлі Асылханның қанжығасында

Бекзат Саттарханов жайлы фильмнің басты рөлі Асылханның қанжығасында

Қазақстандық режисер Ермек Шахмет Олимпиада чемпионы, атақты боксшы Бекзат Саттарханов жайында кинофильм түсіру үшін қызу дайындықты бастап та кетті. Бұл жөнінде "Қазақпарат" агенттігіне берген сұхбатында режисердің өзі мәлім етті.

"Бекзат" деп аталатын биографиялық кинофильмде бір жарқ етіп өте шыққан талантты спортшының кішкентай ғана өмір жолы баяндалмақ. Оның қазақ елін әлемге мойындатқан орасан жеңісінен кейін о дүниеге ерте аттануы бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. 

"Біз дәл қазір түсірілімнің қанша уақытқа созыларын анық айта алмаймыз. Бастысы - асықпай сапалы да, өнегелі кинофильмді жарыққа шығару. Бекзат жайында кино түсіру - өте үлкен әрі жауапты іс. Ол - қазақ батыры. Ол - ұлт мақтанышы. Біздің бұл жобаға мұқият дайындалғымыз келеді. Кино Бекзаттың туыстары мен жақындарының көңілінен шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Әрине, халықты да ұмытпаймыз. Бірінші кезекте киноға баға беретін де солар ғой", - деді Ермек Шахмет.

Режисер Ермек Шахмет

Режисердің сөзіне сенсек, кинокартина өзінің Shahmet Omniar компаниясы арқылы дүниеге келмек. Түсірілім тобы сәуір айынан бастап іске көшеді. Дәл қазір сценарийдің режисерлік нұсқасы жазылып жатыр. Жақын арада актерлерді іріктеу де болады. Режисердің айтуынша, басты рөлді Асылхан Төлепов («Жаужүрек мың бала») сомдайды.

Бекзаттың рөлінде Асылхан Төлепов

Сонымен қатар қазақстандық басқа да дарынды актерлер қатысады. Бекзаттың ғұмыры спортпен тығыз байланысты болғандықтан, киноға көбіне кәсіби спортшылар шақырылады. Саундтректі жарыққа шығару үшін жоба ұйымдастырушылары итальяндық композитор Людовик Эйнаудиді (Италияның екінші президенті Луиджи Эйнауди немересі) жалдаған. 

"Фильм - әлемдік масштаб. Біз бұл киноны тек қазақстандық көрермендер ғана емес, шетел жұртшылығы да тамашалағанын қалаймыз", - деген арманын жасырмаған режисерге және оның түсірілім тобына Массагет ұжымы атынан сәттілік тілейміз! 

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: yvision.kz, aztorrent.kz, aztorrent.kz

12127 14
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 12 желтоқсан 2012, 15:33
Пікірлер
+0
12 желтоқсан 2012, 14:52

Асылхан рөлді керемет сомдайды дегенге бек сенемін! Сәттілік!

+0
12 желтоқсан 2012, 14:57

Түрі ұқсайды, құнды дүние шығады деп ойлаймын!

+0
12 желтоқсан 2012, 15:00

Бекзаттың рөлі үшін оған әлі де көп дайындық керек. Нағыз спортшының рөлін сомдау оңай емес. Батырдың рөлін ойнап жаттыққан Асылханға сенуге болатын шығар. Сартайды алып шыққан Асылғанға Бекзатты жоғары деңгейде ашуы үшін көп еңбек керек. Сәттілік!

+0
12 желтоқсан 2012, 15:30

Күшті ғой

+0
12 желтоқсан 2012, 15:36

Асеке мықты актер! Рөлді тамаша алып шығатынына үлкен сенім білдіремін

+0
12 желтоқсан 2012, 15:39

ұқсайды ғой шынымен

+0
12 желтоқсан 2012, 15:45

Түрі ұқсайды. Сәтті шығады деп ойлаймын.

+0
12 желтоқсан 2012, 16:08

Үмітіміз ақталса екен...

+0
12 желтоқсан 2012, 16:33

асыга кутемиз енди

+0
12 желтоқсан 2012, 17:03

Қатты айттым демессіздер: Бізде ҚР-да актерларды таңдау быт-шыт. Жолға қойылмаған. Адамның түрінен гөрі мінезі маңыздырақ қой? Мысалы Бекзатты қараңыз - от бар, өжеттілік бар, Асылханда жоқ қой ондай.. Өзіме жеке Уил Смитт ұнайды. Барлық фильмдері. Алайда ол Мұхамед Алиді алиді алып шыға алмады. Өйткені, ол боец емес. Ол лавелас, бабник (и өте жақсы кстати), красавчик. Бірақ боец емес. Асылханда да солай. Түрі, ең бастысы түрінің мінезі сәйкес келмейді. От жоқ көзінде. Оған романтикалық фильмдерге, мелодрамаға түсу қажет.. Ал батырдың, боксердің ролі өте сәтсіз. Фильм көріледі. Бірақ Бекзаттың рухына бола, Асылханға бола емес.

+0
12 желтоқсан 2012, 20:28

сөзіңіздің жаны бар... Келісуге болады

+0
13 желтоқсан 2012, 11:24

мен үшін ең бастысы Мұстафа Шоқай жолымен» атты деректі фильмі сияқты өзге елдің актерлерін қоспаса болды, ал қалғаны "профилердің" еншісінде

+0
17 желтоқсан 2012, 00:08

Шыққасын көреміз! Бірақ, жақсы алып шығатынына сенем!!!

+0
31 желтоқсан 2012, 14:47

Данияр Алан әрине сөзіңіздің жаны бар. Ермек ағамыздың оиы Асылхан арқылы Көрермен дерге қызықты болатын деген шығар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...