Супер Марио мультфильм кейіпкері атанбақ

Супер Марио мультфильм кейіпкері атанбақ

"Super Mario Bros." видеоойынындағы Марио аниамациялық "Ральф" сиквелының персонажы атанады.

Картина режиссері Рич Мурдың айтуынша, ол Марионы сценариге кіргізудің жолын әлі таппаған. Дегенмен автор сиквелден оған міндетті түрде бір орын бөліп беретіндігін айтып отыр.

Осы жылы прокатқа шыққан "Ральф" мультфильмінің эпизодтарында да түрлі видеоойындардың персонаждары "ойнаған" болатын. Атап айтсақ,  Pac-Man, Street Fighter, Tapper және басқалар.

Айта кетелік, Супер Марио персонажы әлемдегі ең танымал кейіпкерлердің бірі болып табылады. Персонаж Nintendo компаниясының символы болып табылады. Естеріңізге сала кетелік, аталған ойынды 1983 жылы осы компания жасап шығарып, таратқан болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: torrentszona.com

Б. Қосмағамбет