Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Жақында жаңа "Джеймс Бонд" қазақша сөйлейді

Жақында жаңа "Джеймс Бонд" қазақша сөйлейді

Жақында жаңа

“007 Скайфолл Координаттары” атты Джеймс Бонд туралы жиырма үшінші кинофильм жақында қазақ тілінде сөйлейтін болады. Бұл жөнінде massaget.kz порталының тілшісі "Болашақ" Ассоциациясы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбекке сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

"Қазір біз "Джеймс Бондты" қазақшалау мәселесін толық қарастырып жатырмыз. Бұл кинофильм - бізге дейінгі тұлғалардың жасап кеткен классикалық дүниесі", - дейді Байбек. Оның сөзіне қарағанда, жақын күндері Мәдениет және ақпарат Министрлігі кинофильмді қазақшалау үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлуді қарастырып жатқан көрінеді. Болашақта осындай жобамен айналысуға басқа да жеке компаниялар ықылас танытып отыр. 

"Аудармамен "Қазақфильм" киностудиясы айналысады. Мемлекет пен қоғамның қаржыландыруы арқасында әлі де талай кинофильмдерді қазақша аударамыз. Егер нарыққа түскен туынды халыққа өтімді болып жатса, онда оны өз компаниямыздың демеушілігімен де қазақшаландыруымыз мүмкін", - деді "Болашақ" Ассоциациясы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек.

“007 Скайфолл Координаттары” атты кинокартинадағы басты рөлдерді Дэниэл Крэйг, Рэйф Файнс, Хавьер Бардем және Джуди Денч сынды актерлер сомдайды. Аталған фильмге Сэм Мендес авторлық етеді. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: populars.ru

1389 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 06 желтоқсан 2012, 19:10
Пікірлер
+0
06 желтоқсан 2012, 21:32

Бізде әлі қаншама кино орыс тілінде. мен асылық айтпасам, соны шектеу керек. алдында ғана Қазақстанда барлық филм қазақшланатын болды деген хабар тарап ед.

+0
07 желтоқсан 2012, 02:36

Ақ-Бөрі ... ештеңені шектеудің қажеті жоқ, ағылшын тілін білмейтін жамағат орысшаға тәуелді, барлық фильм қазақша сөйлейтін заман тіптен жақын емес.

+0
07 желтоқсан 2012, 08:39

Кино прокатқа шықпай тұрып қазақшалап кинотеатрлардан бірден қазақша варианттарын берсе шыққан шығындары қайтарылатын еді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...