"Оскар" сыйлығының номинанттары анықталуда

"Оскар" сыйлығының номинанттары анықталуда

Америка Киноакадемиясы "Оскар" сыйлығының арнайы эффектілер бөлімінің номинанттарын анықтады.

Барлығы 10 картина кірген тізімді "Өрмекші адам" кинолентасы бастап тұр:

1."Жаңа Өрмекші адам"
2. "Бұлтты атлас"
3. "Қара рыцарь 2: Аңыздың жаңғыруы"
4. "Хоббит: Күтпеген саяхат"
5. "Джон Картер"
6. "Пи өмірі"
7. "Кек алушылар"
8. "Прометей"
9. "007: "Скайфолл" координаттары"
10. "Ақшақар мен аңшы"

Бірақ бұл тізім әлі де өзгеріске ұшыруы мүмкін. Соңғы әрі нақты номинанттар 2013 жылдың 10 қаңтарында жарияланады. Салтанатты кеш 2013 жылдың 24 ақпанында өтеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: zavtra.ru