"Ымырт" қазақстандық прокатта рекорд орнатты

"Ымырт" қазақстандық прокатта рекорд орнатты

"Ымырт" фильмінің бесінші бөлімі Қазақстандық прокатта топ жара отырып, рекорд орнатты.

"Меломан" холдингінің хабарлауынша, аталған фильм алғашқы демалыстың өзінде ел кинотеатрларына 172,5 миллион теңге (1,15 миллион доллар) қаржы түсірді.

Қазақстан кинопрокаты тарихында ешқандай фильм аталған мерзімде бұндай қаражат жинап көрмеген. Айта кетелік, бұған дейінгі рекордтың иесі алғашқы уикендте 137,4 миллион теңге жиған "Кариб теңізіндегі пираттар. Тылсым аралда" атты фильм болатын.

Екінші орынға "бондиананың" 23 эпизоды тұрақтады. "007: "Скайфолл" координаттары" фильмі соңғы аптада 8,9 миллион теңге түсіріп, жалпы жинаған қаражатын 175 миллион теңгеге жеткізді.

Алғашқы үштікті 6,2 миллион теңге жинаған "Ральф" анимациялық фильмі тұйықтады.

Бестіктің қатарында "Бункер" (5,2 миллион) және "Әңгімелер" (3,2 миллиона) фильмдері бар.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: seriallonline.net