Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Шал" - жыл фильмі

"Шал" - жыл фильмі

Ермек Тұрсыновтың "Шал" картинасы Қазақстанда "Жыл фильмі" атанды. Ал картинада басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов "Жыл киноактері" номинациясында "Алтын адам" сыйлығына ие болды.

с

"Шал" фильмінде басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов

"Мен өзімді Олимпиада чемпионындай сезініп отырмын. Қазақстан халқының көрсеткен ілтипаты үшін алғыс айтқым келеді. Мен үшін көп жақсылық жасаған "Қазақфильмге" де ризамын", - деді актер.

"Шал" фильмінің трейлері

Айта кетелік, 19 қарашада Алматыдағы Абай атындағы Академиялық опера және балет театрында "Жыл таңдауы" - "Жыл адамы" фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болып өтті.

Ермек Тұрсынов «Шал» фильмін атақты жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің желісі бойынша түсірді. Фильмді жасау идеясы Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевқа тиесілі.

"Шал" фильмі туралы бір ауыз айта кетсек. Картинада санаулы ғана кейіпкер бар. Басты кейіпкер ауыл қарты, оның келіні және немересі. Жалғыз ұлы өмірден озған соң, Қасым қарт артқа қалған тұяғы немересі Ералыны интернатқа оқуға береді. Ералы болса, атасының бұл қылығына наразылық танытып, оған кетік мінездерін көрсетеді. Үш адамнан құралған отбасы жапан далада қарапайым ғұмыр кешеді. Қарабайыр тіршілікті қаладан аңшылыққа шығу мақсатымен келген үш жолаушы бұзады. Жігіттер шалмен тілдесіп, қасқыр атуды жоспарлағандарын айтып, жол сілтеп жіберуін сұрайды. Алайда, қария қасқырлардың бөлтіріктеп жатқандығын ескертіп, аңға шықпағаны дұрыс боларын айтады. Қаладан келген жігіттер ақсақал сөзін елемей, аң аулауға кетеді. Ертесі күні Қасым қарт өз қойы мен көрші қойын қыстауға айдап кетеді. Боран астында қалған ол адасып кетеді. Осы кезде қасқырлар алдынан шығып, қойға шабады. Қарт қойларды сақтау үшін әлекке түседі. Өзі қиналып жүргенде жол сұраған жігіттердің өлі денелерін кездестіреді. Арасындағы бірі аман қалғанымен, халі мүшкіл болады. Қарт аман қалған жігіт пен өз өмірін сақтау үшін қиындықтарға төтеп беруге ұмтылады. Осы кезде жоғалып кеткен қартты бір топ адам іздеуге шығады. Араларында бала Ералы да болады. Іздеу жұмыстары нәтижесіз болып, қартты «өлі мен табылмайдының» қатарына жатқызған іздеуші топ кері қайтқанда, бала Ералы атасының тірі екеніне шүбә келтірместен, оны іздеп табады. Қазақ даласында түсірілген фильмде адам баласының қайраттылығы мен өжеттілігі, жігері мен табандылығы көрсетіледі.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Қазақфильм, tengrinews.kz

9805 7
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 21 қараша 2012, 16:17
Пікірлер
+0
21 қараша 2012, 16:21

Ерболат Тоғызақов арқылы шал образы ашылды деп ойлаймын. Шал ретінде басқа актерді елестете алмай қалдым :D

+0
21 қараша 2012, 19:40

мен әлі көрмедім :oops:

+0
22 қараша 2012, 10:40

өте дұрыс! осы атаққа әбден лайық!

+0
22 қараша 2012, 11:50

келісемін!

+0
22 қараша 2012, 14:40

"Жыл фильмі" деуге тұрарлық фильм.

+0
23 қараша 2012, 00:35

көруім керек((( әлі бармадым

+0
13 желтоқсан 2012, 14:57

Көруіміз керек, ....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...