Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Тимур Бекмамбетовтың өз кинотеатрына арналған тың жоспарлары

Тимур Бекмамбетовтың өз кинотеатрына арналған тың жоспарлары

Тимур Бекмамбетовтың өз кинотеатрына арналған тың жоспарлары

Жақында "Алмалы" сауда орталығында режиссер Тимур Бекмамбетовпен кездесу өтті. Ол онда өзінің жаңадан ашылған "Бекмамбетов Синема" кинотеатры жайында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz

Ең алдымен Бекмамбетов атап айтарлықтай игі іс жөнінде сөз қозғап өттті. Қандай игі іс дейсіз ғой? Кино көруге қаражаты жоқ, не шамасы келмейтін жандарға арнап қайырымдылық шарасын өткізетінін айтты. Сонымен қатар ол жас та, талантты режиссерлердің еңбектерін экранға жіберуге және шығармашылық жиындар өткізіп тұруға уәде берді. "Тікелей сұхбат құру үшін ресейлік әріптестерімді де шақыратын боламын", - деді ол өз сөзінде. 

Кинотеатрдағы кинофильмдер субтитр арқылы өз тілінде сөйлейтін болады. Мұны дұрыс көріп отырған кинотеатр президенті әрі кинокомпанияның құрушысы Тимур Бекмамбетов тек ТМД елдерінің кинотуындыларымен ғана шектелмейтінін, шетелден талай туындыларды әкелетінін айтты. 

«Бекмамбетов Синема»  кинокомпаниясы тек кино көрсетіліммен ғана шектелмейді. Кинотеатр шетелдік режиссерлермен, киногерлермен, атақты актерлермен кездесіп, пікір алмасатын ашық алаңға айналмақ. Сонымен қатар, түрлі көрмелер мен видеоконференциялар да өтіп тұратын болады. 

Сонда да Бекмамбетов басты назарды ұлттық туындыларға бөлмек.

Алматылықтар 27 желтоқсан күні қазақстандық көрермендердің алғашқылары болып, осы кинотеатрдан «Джентльмены, удачи!» атты кеңестік киноның ремейкін көре алады.

Болашаққа көп жоспарды қойып отырған Бекмамбетов алдыңғы уақытта электронды билетпен көрермен қабылдамақ ниетте. Киноға келгісі келген адам, билет алуға кезекке тұрмастан, үйінде отырып-ақ билетке тапырыс беріп, орын алып қоя алады. Бұл іс - болашақтың еншісінде. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

сурет: 1mag.kz

2544 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 21 қараша 2012, 23:44
Пікірлер
+0
22 қараша 2012, 10:39

электронды билеті жөн екен

+0
22 қараша 2012, 14:18

барғым келеді осы кинотетрға керемет дейді

+0
22 қараша 2012, 14:39

Бағалары да керемет ;)

+0
22 қараша 2012, 16:21

бір киносеансқа 100 доллар лақтыруға дайынсыз ба?

+0
22 қараша 2012, 16:33

Кеше естіп ем осы кинотеатр туралы. Инеттен қарасам бағасы да керемет екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...