«Хоббиттер» 27 жануарды өлтіргені үшін айыпталуда

«Хоббиттер» 27 жануарды өлтіргені үшін айыпталуда

Жылқылар, ешкілер, тауықтар және бір қой «Хоббиттер» фильмінің түсірілу жұмыстары жүргізіліп жатқан Веллингтон фермасында өлген.

Жануарлар құқығын қорғаушылар «Хоббит: Күтпеген саяхат» киносының продюсерлік компаниясы 27 жануардың толып жатқан жартастардан құлап, қақпандарға түсіп өлгендігін айтып, айып тағып отыр. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлайды.

Американың адамгершілік істер ассоцияциясы болса, өз кезегінде түсірілім алаңында ешқандай да жануар өлмегенін айтуда. Десек те, осы ассоцияция мүшелері жануарлар құқығын сақтаушылардың бұл арызынан соң бақылау жүйесіндегі кейбір қателіктерді анықтауға септігін тигізгенін айтады. Қателік жануарлардың күзеті мен тамақтану жағдайына айналып келіп отыр.

Атақты трилогия режиссерінің баспасөз маманы Питер Джексон фильмге түсіруге арнайы әкелінген 150 жануардың ішіндегі 27 бас (жылқылар, ешкілер, тауықтар және бір қой) жануардың өлгенін анықтап тұрып айтты. Сонымен қоса, ол аса қатерлі өткелдерден өту кезінде екі жылқының құлап кетіп қаза тапқанын да айтып, келесіде сақтық қамын бірінші кезекте ойлайтынын жеткізді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: afisha.mail.ru

А. Құлтай