Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Виртуалда кездескенше!»

«Виртуалда кездескенше!»

«Виртуалда кездескенше!»

Режиссер Әмір Қарақұловтың «Ғаламтордағы махаббат» фильмінің тұсаукесері VIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің салтанатты ашылу кешінде өткен болатын. Картина «MCR Agency» ЖШС-нің қатысуымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған. Басты рөлдерді Бибігүл Ақтан, Бөпеш Жандаев, Төлепберген Байсақалов, Александра Морозова және ресейлік Артур Смольянинов сомдайды.

 

Сюжет бойынша, Астананың тәкаппар, келбетті сұлу қызы өзіне ғашық ебедейсіз әріптесін мүлде көзіне ілмейді. Әрине, оған жарты Астана, кеңсенің бар жігіті, тіпті фирманың бас директоры да ғашық. Бірақ зерек жігіт қыздың ғаламтор әлемінде көп отыратынын байқап, сол арқылы жүрегін жаулауға бел буады. Өйткені ғаламтор әлемінде шекара жоқ. Онда әрбір адам келбетті, әрбір адам ақылды, әрбір адам сабаз.

Қыз ғаламтормен байланысқан, өз қиялындағы жігітке, яғни әріптесіне ғашық болады. Алайда ғаламтормен байланыстың «кездесу» деген жетер шегі бар. Сол кездесуге жету виртуал екі ғашықты біраз сарсаңға салады. Әсіресе бұған араларына түскен зұлым бастығы кедергі болады. Виртуалда батырдай көрінген әріптесі шынайы өмірдегі батырлығын көрсете алар ма? Қыздың жүрегі әріптесіне жыли қоя ма?


Фильмде виртуалды әлем мен шынайы әлем екі бөлек суреттеледі. Арнайы эффектілерді жасау үшін кәсіби мамандар шақырылған екен. Сонымен қатар операторлық жұмысты кезінде Михайл Тодорковскиймен жұмыс істеген Сергей Михальчук атқарған. Шынын айта кету керек, операторлық жұмыс өте жоғары деңгейде.

Режиссер Әмір Қарақұлов, «Қазіргі уақытта Интернет желісі кең етек жая түсуде, Интернет тұтынушылардың саны артуда. Біз әлі ғаламтордың не екенін түсінбей келеміз, ол біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп жатыр, тіпті болашақтың өзін болжай алмаймыз. Интернет технологиясы дамығанмен, виртуалды әлемді ажырата білу керек. Монитордың арғы жағында да адам отыр және ол қандай адам, соны анықтау үшін ақылмен зерделеу керек. Әйтпеген жағдайда қателікке бой алдырып, болмашы виртуалды әлемнен де көңіл қалу мүмкін және фильмде де осыны көрсеткім келген» - деді.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының бас редакторы Дидар Амантай өз сөзінде, «Фильм 2-3 жылдың көлемінде өте сапалы деңгейде түсірілді. Музыкалық өрнектеу, монтаж, операторлық жұмыс өте сәтті шыққан. Бұл кино тіліне аударылған интернет кеңістігі деп айта аламыз. Замануи жастардың өмірін көрсеткен, заманауи жастарға арналған фильм. Фильмде қазақ қаһармандары бар, басты кейіпкерді орыс актері ойнаса да ол қазақ жігітінің образын жасады» деп сұхбат берді. Ал, «Қазақ жігітінің образын неге Ресей жұлдызы сомдады?» деген сұрағыма «Біздің де актерлер Ресей және т.б. елдердің фильмдеріне түсіп, басқа да ұлттардың басты рөлдерін сомдаған, әлі де түседі. Әлемдік практикада жиі қолданылады. Кинода ондай бола береді, ең бастысы образды жасап шығару» деп жауап берді.

Қосымша айтарым, фильм ғаламтор арқылы байланыс орнатып, қызығын көрген, ғашық боп көрген барлық жандарға ұнауы тиіс. Сонымен қатар, бәріне таныс әлеуметтік желілер мен ғаламтор терминдері пайдаланылған. Және өз басым виртуал әлемде ұзақ уақыт жүрсем де, оны жеке әлем ретінде ешқашан елестетіп көрмеппін. Режиссер осы тұрғыда тапқырлық танытып, оны екінші әлем ретінде суреттеп, ондағы өмірді бөлек аша білген.

«Ғаламтордағы махаббат» фильмін 22 қарашадан бастап еліміздің кинотеатрларынан тамашалай аласыздар.

Автор: Анар Мұстафина

Суреттер: "Қазақфильм" киностудиясы

2129 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 20 қараша 2012, 13:19
Пікірлер
+0
20 қараша 2012, 12:20

:lol: көру керек екен. Сюжеті қызық болып тұр

+0
20 қараша 2012, 12:21

мын жігіт "мой парень ангел" деген ресейлік фильмде ойнаған. Тамаша актер!

+0
20 қараша 2012, 13:45

мен де сол фильмді көріп ғашық болып қалғанмын :lol:

+0
20 қараша 2012, 12:28

маған срочно көру керек, АйжанТабын кеттік :P

+0
20 қараша 2012, 13:01

Анар сен бул фильмдi кордiнбе?

+0
20 қараша 2012, 13:10

Мақаланы оқыдың ба? :geek:

+0
20 қараша 2012, 17:11

оқыдым. сол себепті сұраудамын. Басқа сайтарда жазған мақалардың көшірмесі ме әлде жазба өзіңдікі ме соны білгім келгендіктен сұрадым.

+0
20 қараша 2012, 17:17

Өзім жазбасам авторы менмін деп көрсетемін бе? Әлде мені мұндай мақала жаза алмайды дейсің бе?

+0
20 қараша 2012, 17:22

бұданда жақсы мақал жазатыңды баяғыда-ақ өзіңе мойындадым ғой. Киноның соңын сенен сұрау үшін сұрадым, көрдің бе деп

+0
20 қараша 2012, 17:24

Бірден солай демейсің бе енді... :?

+0
20 қараша 2012, 16:14

Бірге барайық 22-сі бәріміз :|

+0
20 қараша 2012, 17:12

Охо, қызық болып тұр. Алла қаласа барамын :)

+0
21 қараша 2012, 10:53

түк те қызық емес... әншейін самосенсация жасаудың амалы ғой... тақырып һәм сюжет заманауи шығар, алайда ұлттық дүниетанымыңа кереғар дүниені сонша тықпалаудың қажеті шамалы.. мұндай дүниелер осы туындының атауы секілді адамдар санасында виртаулды түрде ғана қалады... яғни уақытша ғана... Өнер деген мәңгілік құндылық болуға жаралу керек. Әйтпесе оның құны көк тиын!

+0
21 қараша 2012, 18:41

Бір нюанс ұнап тұрған жоқ :(

+0
23 қараша 2012, 18:57

бару керек, сюжеті ұнап тұр :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...