Кино әлемінің қызықтары

Кино әлемінің қызықтары

Кинода қызықтар көп қой. Соның біразын мына жерде айтып кеткен болатынбыз. Біз білмейтін, әзілі аралас шындықтар туралы тағы да айтпақпыз...

1. "Лашықтан шыққан миллионер" ("Миллионер из трущеб") фильмінде Mercedes-Benz компаниясы өзінің логотипін алып тастауды талап етіпті. Дэнни Бойлдың айтуынша, атақты компанияның абыройына бұл кинодан нұқсан келуі мүмкін екен.

2. "Тележүргізуші" ("Телеведущий") фильміндегі сюжет бойынша бас кейіпкер кіріп, тамақ ішетін мейрамхананың «Escupimos en su Alimento» мексикалық атауы бар екен. Оның аудармасы - "тамағыңызға түкіргеніміз бар" деген мағына.

3. "Терминатор 2 - Ғарасат күні" киносы үшін Арнольд Шварцнеггер 15 миллион доллар пайда тапқан. Оның фильмде айтқан 700 сөзінің әрқайсысы 21,429 долларға бағаланыпты. Сонымен, «Hasta la vista baby» атақты сөзі 85,716 доллар болған екен.

4. "Күнәға батпаған 40 жастағы азамат" фильміндегі бас қаһарман өз кеудесіндегі түкті шын мәнінде жұлып алған көрінеді. Сондықтан да, бұл "керемет" кадрды төрт бірдей камерамен түсірген.

5. Қанды кинолардың ішінде ең көп қан төгілгені - "Билды өлтіру" ("Убить Билла") фильмі екен. Ол үшін режисер тура 1700 литр қолдан жасалған қан жұмсапты.

6. "Жыртқыш" ("Хишник") фильмінде жыртқыштың көрінбей жүретін қасиеті режисердің немесе сценаристің ойлағаны емес. Ол арнайы эффект жасаушы жігіттердің қателігі екен. Ал оны дер кезінде өз пайдасына асыруды режисер Джон Мактирнан жөн көріпті.

7. Қытайдың атақты "Жас шебер" ("Молодой мастер") фильмінде Джеки Чан желпуішпен (веер) болатын дубльді 1300 рет (!) түсірген екен. Содан кейін ғана Джеки бұл шеберлік әдісті үйреніп алыпты.

 Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: joyreactor.cc, megashara.com

А. Құлтай