Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Сау болыңыз, Бин Мырза!

Сау болыңыз, Бин Мырза!

Сау болыңыз, Бин Мырза!

Танымал ағылшын қылжақбасы Бин Мырзаның рөлін сомдаған актер Роуэн Аткинсон бұл образды тастайтынын, енді тек драмалық кейіпкерлерді сомдайтынын мәлім етті. Бұл хабарды The Daily Telegraph газетіне берген сұхбаты арқылы айғақтай аламыз.

Белгілі қылжақбастың рөлі - баритандық атақты образ. Бұл танымал образ көгілдір экранға 1990 жылдан бастап жол тартты. Комедиялық сериал бес жылдан соң аяқталса да, мұнан кейінгі жылдарда Аткинсонның атағы аспандай берді. Осы образ үшін оны әлем мойындап, осы образ арқылы ел жадында қалып үлгерді. Соңғы рет ол осы кейіпте Лондон олимпиадасының ашылу салтанатында бой көрсетті.

Осы басылымға берген сұхбатында ол Мистер Бин рөлін "құлдық" рөл деп атады. Ендігі жерде осындай "құлдық" образды жалғастыра беруді тіпті дұрыс көрмейді.

"Әрине бұл образ менің қалтамды қалыңдатты. Әйткенмен бұл құлдық образ актерден өте көп дейгейде физикалық белсенділікті қажет етеді. Мен бұл ораздан мүлде бас тартып жатқан жоқпын. Мені кейде осы образдан көре аласыздар. Тек кейде..." - дейді актер.

Аткинсон көрермен бұл образды бір адам ғана ойнап келе жатқандығынан жалықты деп ойлайды.

Ол бүгінгі таңда лондондық Вест-энд ауданындағы музыкалық және драмалық театрда драмалық рөл ойнауға бел шешіп, білек сыбана кірісіп отыр.

Жақын күндері ол атақты ағылшын драматургі Саймон Грэйдің "Куортермейннің шарты" атты спектаклінде өнер көрсетпек.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: news.404.ru

1886 9
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 19 қараша 2012, 09:06
Пікірлер
+0
19 қараша 2012, 10:07

Қош бол, Бин, ендеше, қайта айналып келгенше))

+0
19 қараша 2012, 10:46

Бір-екі рет "адам" рөлінде көргем, дым қабылдай алмадым, бәрібір мистір Бин елестей берді... :-|

+0
19 қараша 2012, 11:42

қайтыс болған ба десем :)

+0
19 қараша 2012, 15:03

мен де сөйтіп ойлавқалдым)) сорриии

+0
19 қараша 2012, 13:12

Әрине кино, өнер саласында әр бейненің басталуы, дамуы, шырқау шыңға жетуі мен құлдырауы болады. ақылды адамдар соңғы басқышқа келгенде өзін тартып ала қояды. және сол ең биік бейнесімен халық жүрегінде қалады. ;)

+0
20 қараша 2012, 10:37

Бин мырзаның рөлі ғана жарасатын сияқты))

+0
20 қараша 2012, 14:12

бұл кісі олимпиадада қатырды ғой! :lol: :lol: :lol:

+0
13 желтоқсан 2012, 15:27

Мистер Бин десең балаларға дейін күледі ғой, шырқау шыңы әлі алда шығар кім білсін......

+0
19 наурыз 2014, 20:05

Бин мырза қатты ұнайды.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...