Аса талантты Роберт Де Ниро гангстер рөлін мінсіз сомдады

Аса талантты Роберт Де Ниро гангстер рөлін мінсіз сомдады
Фото: vk.com

Актер Роберт Де Ниро жуырда Warburtons компаниясының бейглдерін (нан түрі) жарнамалайтын роликке түсті. Киносүйер қауым мен The Guardian  басылымы ол сомдаған гангстер рөлін үздік деп таныды.

Сюжет бойынша,  Де Ниро өзінің басты бәсекелесінің көзін құрту үшін Болтон қаласына келеді. Қасында Бенни Слайс, Тони Екі Бейгл мен Джимми Қасапшы бар. Гангстерлер бейглдерді ұрлап, логотип үстіне Good Bagels стикерлерін желімдейді (Good Fellas фильміне оммаж).

Жоғарыда атап өткен The Guardian басылымы "Бұл әлемде Де Нироны Скорсезе мен Warburtons-тан артық ешкім түсінбейді ", – деп жазған. 

Естеріңізге сала кетейік, Скорсезенің "Ирландиялық" аталатын картинасының премьерасы алдағы күз айларына жоспарланып отыр. Басты рөлді Роберт Де Ниро мен Аль Пачино сомдаған. Фильмнің постпродакшн кезеңі ұзаққа созылып, қазір өтіп жатқан Канн кинофестиваліне үлгермейтін болды. Есесіне, Венеция фестінде көрермен назарына ұсынылмақ.

А. Оралқызы