Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Cannes – 2019: Бағдарламаға енген фильмдер

Cannes – 2019: Бағдарламаға енген фильмдер

Cannes – 2019: Бағдарламаға енген фильмдер

Биыл Канн кинофестивалі 14 - 25 мамыр аралығында өтеді. Шараның директоры Тьерри Фремо мен президенті Пьер Лескюр 72-ші фестивальдің бағдарламасын ұсынды.  

Ашылу салтанатында көрсетілетін фильм

Бұл құрметке Канн марапатын бірнеше мәрте (1984, 1989, 1993, 2005) иеленген Джим Джармуштың жаңа "Өлгендер қайта өлмейді" (The Dead Don't Die) аталатын картинасы лайық деп танылды. 

Киноға Билл Мюррей, Адам Драйвер, Хлоя Севиньи, Остин Батлер сынды актерлер мен әнші Селена Гомес қатысқан. Ең бастысы, джармуштық стильдегі фильмдерді ұнатушы көрермендердің сүйікті актрисасы Тильда Суинтон да бар.

"Алтын пальма бұтағы" үшін таласатын кино премьерасы 14 мамыр күні өтіп, сол сәттен бастап Франция кинотеатрларында көрсетіледі. Әлемдік премьера 14 маусымға бекітілген.

Джармуш алғаш рет 1984 жылы дебюттік фильмімен-ақ "Алтын камераны" ұтып алған болатын. Одан кейін де көптеген туындыларын осы фестиваль шеңберінде көрермен назарына ұсынған еді.

Бұл фильмнің таңдалуы фестивальдің арт-директоры Тьерри Фремоның белгілі актерлер жұмылдырылған картинаға басымдық беру тенденциясына сай келген болатын.  

Негізгі байқау

"Дерт пен атақ", режиссер Педро Альмодовар

"Сатқын" (Le Traître / The Traitor), режиссер Марко Белоккьо

"Жабайы қаздар көлі" (The Wild Goose Lake), режиссер Дьяо Ин

"Паразит" (Parasite), режиссер Пон Чжун Хо 

"Жас Ахмед" (Young Ahmed), режиссерлері ағайынды Дарденндер

"О, рақмет" (Oh Mercy!), режиссер Арно Деплешен 

"Атлантика" (Atlantique), режиссер Мати Диоп

"Маттиас пен Максим" (Matthias and Maxime), режиссер Ксавье Долан 

"Кішкентай қуаныш" (Little Joe), режиссер Джессика Хауснер 

"Кешір, біз сені сағындық" (Sorry we missed you), режиссер Кен Лоуч

"Шеттетілгендер" (Les Miserable), режиссер Ладж Ли

"Құпия өмір" (Une vie cachée), режиссер Терренс Малик

"Бакурау" (Bacurau), режиссерлері Клебер Мендонса Фильо мен Джулиано Дорнелл

"Ысқырғыштар" (The Whistlers), режиссер Корнелио Порумбои 

"Фрэнки" (Frankie), режиссер Айра Сакс 

"Отқа оранған жас қыздың портреті" (Portrait de la jeune fille en feu), режиссер Селин Скьямма

"Бұл жұмақ шығар" (It must be heaven), режиссер Элиа Сулейман

"Сибил" (Sibyl), режиссер Жюстин Трие

Байқаудан тыс көрсетілімдер

"Өмірдің қызық жылдары" (Les Plus Belles Années D'Une Vie), режиссер Клод Лелуш

"Зымыран-адам" (Rocketman), режиссер Декстер Флетчер 

"Өлуге тым жас" (Too Old To Die Young – North Of Hollywood, West Of Hell) сериалдың 4 және 5-эпизодтары, Николас Виндинг Рефн

"Диего Марадона" (Diego Maradona), режиссер Азиф Кападия

"Керемет дәуір" (La Belle Epoque), режиссер Николас Бедо

"Ерекше көзқарас" аталымы бойынша әділқазылар алқасының төрайымы болып "Капернаум" картинасының режиссері Надин Лабаки тағайындалды. 

"Ерекше көзқарас"

"Көрінбейтін өмір" (Invisible Life), режиссер Карим Аину

"Дәу", режиссер Кантемир Балагов

"Кабулдың көбелектері" (The Swallows of Kabul), режиссерлері  Элиа Гобе Мевеллек пен Забу Брайтман

"Менің ағамның әйелі" (La femme de mon frere), режиссер Монья Шокри

"Өрлеу" (The Climb), режиссер Майкл Ковино

"Жанна" (Jeanne), режиссер Бруно Дюмон

"Ешқашан батпайтын күн" (O Que Arde), режиссер Оливье Лакс

" 212- бөлме" (Chambre 212), режиссер Кристоф Оноре

Port Authority, режиссер Даниэль Лесовец

"Адам" (Adam), режиссер Мариам Туссан

Papicha, режиссер Муни Медур

Zhuo Ren Mi Mi, режиссер Мид Зед

"Еркіндік" (Liberte), режиссер Альберт Серра

"Бұқа" (Bull), режиссер Анни Сильверстайн

Summer of Changsha, режиссер Зу Фень

Биыл кинофестивальдің ресми постері Аньес Вардаға арналды. Естеріңізде болса, кино әлемінің аңызы Аньес Варда наурыз айында тоқсанға қараған шағында мәңгілік тұрағына аттанып кетті. Француз жаңа толқынының негізін қалаушылардың бірі өз шаңырағында жақын, туыстарының қасында өмірден өтті.   Аньес Варданың арсеналында 50-ден астам фильм мен 60-тан аса беделді марапат бар. Ол 2017 жылы киноматографқа қосқан үлесі үшін "Оскар" алды. Онда: "Муза, жол бастаушы, икона. Киноқозғалыстың бастауында тұрған әйел" - деп жазылған.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 19 сәуір, 10:53

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.