"Бүгінгі француз киносы": Фестивальде көрсетілетін қысқаметражды фильмдер

"Бүгінгі француз киносы": Фестивальде көрсетілетін қысқаметражды фильмдер
Фото: vk.com

11 және 14 сәуір аралығында Алматыда өтіп жатқан "Бүгінгі француз киносы" кинофестивалінде көрерменге француз кинематографының ең жаңа жауһарлары ұсынылып, жаңа хикаялар мен француз актерлерінің тамаша ойынын тамашалау мүмкіндігі туады. Биылғы бағдарламаға кірген фильмдер әртүрлі жанрларды: комедияны, мелодраманы, тарихи киноны және "Қысқа метр" бағдарламасын қамтиды. Бұл мақалада сіздерге қысқаметражды фильмдер тізімін ұсынып отырмыз.

ҚҰШАҚ – Жюстин Вюильстекер
2018 – Анимация – 5’
Айқара ашылған терезе алдында тұрған әйел көкжиекті торлаған қою қара бұлтқа көз тіккен. Ойын шырмап алған естеліктерге дес бергісі келмеген ол қозғалыссыз тұр. 

ТОЗАҢ – Леопольд КРАУС
2017 – Ойнайтын – 19’
Люсьен – мақсатсыз жасөпірімдер өмірін сүріп жатқан лицей оқушысы. Бірде оның қолына Ницшенің кітабы түседі. Аталмыш әдеби кездесу оны таң-тамаша етеді. 

РИВЬЕРА – Жонас ШЛОЗИНГ
2018 – Анимация – 15’
Ривьердің вилласында – түстен кейінгі демалыс. Осганзи мырза мен мадам Кармен қауыздың жанында күнге қыздырынып жатыр. Іші пысқан Анрие мырза қараңғы қонақ бөлмесінен көршілерін бақылауда. 

ПОЛИНА ҚҰЛДЫҚТА – Шарлин БУРЖУА-ТАКЕ
2018 – Ойнайтын – 24’
Полина өзі көңіл жарастырып жүрген отбасылы еркек Брюстен хабар ала алмай отыр. Құрбысы Виолеттамен демалып жатқан ол смс күтумен болады. 

ЖАРАТЫЛЫС – Донато САНСОНЕ
2018 – Анимация – Эксперименталды – 4’
Тіршілік иесінің эволюциясы – жаратылыстан Әлемнің құпияларын тануға дейін. 

ДӘЛМЕ ДӘЛ – Лориан ЭСКАФР – Ивоник МЮЛЛЕР
2018 – Ойнайтын – 20’
Үш күннен кейін Элоди косметолог дипломын алу үшін эпиляция бойынша сынақ тапсыруы тиіс. Ал әкесі оның ет дүкенінде көбірек көмектескенін қалайды.

LOS DIAS DE LOS MUERTOS / ӨЛІЛЕР КҮНІ– Полин ПЕНСОН
2017 – Анимация – 8’
Жақында о дүниелік болған Гонзало Өлілер мерекесі кезінде әйеліне оралады. 

ФАТИЯ – Марион ДЕССЭНЬ-РАВЕЛЬ
2018 – Ойнайтын – 19’
Фатия – он сегіз жасар қыз, өзі күлкілі, тартымды жасөспірім. Бүгін ол немере әпкесі, сұлу Ясминаға баласымен отыра тұрам деп уәде берді. 

ДӘМ ТАТ – Стефани БРАЗ
2018 – Ойнайтын – Эксперименталды – 5’
Қоректену тізбегінің шыңына шыққан күн, материяға жақыннан қарау мүмкіндігі.

А. Оралқызы