Басты рөлде – Джеки Чан

Басты рөлде – Джеки Чан
Фото: rg.ru

Бүгін, 7-сәуір – Джеки Чанның туған күні. 65 жасқа келген актердің ең үздік фильмдерінің топтамасын ұсынамыз:

1. «Құдайдың сауыт-саймандары» / «Доспехи Бога»ÐŸÐ¾Ñ…ожее изображение

Бұл фильм – Джекидің ең атақты фильмдерінің бірі. Фильм өзінің экшн жанрымен, әзілімен көрермен жүрегін жаулап алған. Алғашқы бөлімнің түсірілімі кезінде он екі метрлі тастан секіріп, құлаған актерді шұғыл ота ғана аман алып қалған болатын. Ал, екінші бөлімді актер өзінің ең сүйікті фильмдерінің қатарына жатқызады.

2. «Бронкстегі төбелес» / «Разборка в Бронксе»ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу Разборка в Бронксе

Гонконгтан Бронкске ағасының тойына келген полицей қызметкерінің басынан кешкен шытырман оқиғасын бейнелейтін фильм ұзақ уақыт бойына Қытай мен Гонконгтегі ең мол табыс тапқан фильмдердің қатарында болатын. Чанның жанкүйері Квентин Тарантиноның өзі оның фильмдерін қарап отырып, оның орнында болуды армандайтынын айтқан. MTV Movie Awards шарасында марапаттау барысында Тарантино Чанға кинодағы жетістігі үшін арнайы жүлдені өз қолымен табыстады.

3. «Қарбалас» / «Час Пик»  ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу Час Пик

Бұл фильм– актерді әлемдік аренаға танытқан алғашқы голливудтық жоба. Оның актер Крис Такермен дуэті көрермен көңілінен шыққаны соншалықты, одан кейін тағы екі фильм түсірілді. Картинаның режиссері Брэт Рэтнер актердің жанкүйерлерінің бірі болатын. Сондықтан, картинаға оның бұрынғы фильмдерінен әзілдерді қосты. Нәтижесінде керемет туынды шықты.  

4. «Дөңгелекті дәмхана» / «Закусочная на колесах»ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу Закусочная на колесах

Кикбоксинг бойынша әлем чемпионы Бенни Уркидез бен Джеки Чан арасындағы қақтығыс кино әлеміндегі ең үздік төбелес ретінде саналады. Ең қызығы, бұл фильмде қарсылыстар шынымен жұдырықтасқан. Соның арқасында классика жанрының ең үздік туындысы ретінде тарихта қалатын болады.

5. «Тыйым салынған патшалық» / «Запретное царство»ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу Запретное царство

Шығыстың атақты екі актері Джеки Чан мен Джет Лидің алғашқы біріге жасаған жұмысы болатын. Фильм белестерді бағындырмаса да, қос актерді бір туындыдан көру үшін уақытыңызды бөлуге болады.

Т. Есқали