Marvel хронологиясы: Оқиға ізімен

Marvel  хронологиясы: Оқиға ізімен
Фото: cnet.com

Marvel кино кеңістігі – шығармашылықтағы ең үлкен франшиза. Әр фильмнің өз тарихы мен жалғасы және өзге бөлімдерімен байланысы бар. Кез келген фильмін қалаған уақытыңызда қарағаныңызбен, оқиғаның неден бастау алғанын ұқпауыңыз әбден мүмкін. Оқиғаның басы келер жылы, аяғы 2000-жылдардың басында жарыққа шығуы әбден мүмкін. Мұны Marvel жанкүйерлері жауабы жоқ жұмбақ деп те атайды. Егер суперқаһармандар мен құбыжықтар шайқасын әр фильмнен көре беріп жалықсаңыз, оқиға желісі бірдей деп сөгетін әдетіңіз болса, мына хронология бойынша қайта қарауға кеңес береміз. Өйткені, оқиғаның басы қай жақтан басталып, қайда бара жатқанын сонда ғана ұғасыз.

«Алғашқы кек алушы»
«Первый мститель» (2011)

Стив Роджерстің «Америка капитанына» айналу тарихын бейнелейтін Джо Джонстонның фильмі Marvel кино кеңістігінде бесінші болып жарыққа шықты. Дегенмен, оқиғаның барлығы осы сәттен басталады.

«Агент Картер» (2015-2016)

Америка Капитанының сүйіктісі агент Пегги Картердің  Екінші дүниежүзілік соғыстан соң атқаратын қызметін бейнелейтін телешоу оқиғаның өрбуіне алып келеді. Басты кейіпкер «Щ.И.Т.»(Шестая Интервенционная Тактико-оперативная Логистическая Служба) құпия ұйымының негізін қалайды. Ал, бұл ұйым кино кеңістігінің бірнеше сериалы мен фильмдерінде белсенді жұмыс істейді.

«Темір адам» (2008)
«Железный человек»

Фильм алғашқы болып түсірілгенімен, хронология бойынша – үшінші. Өнертапқыш, данышпан әрі бай Тони Старктің өмірі оның бәсекелесі Обадайя Стейнмен кездескен сәттен-ақ өзгереді.  Джон Фавроның бұл кинолентасында Щ.И.Т. ұйымының директоры Ник Фьюри  «Кекшілдер» тобын құруды ұсынады.

«Темір адам 2»
«Железный человек 2» (2010)

Темір адам трилогиясының екінші бөлімінде Тони Старк орыс инженері Иван Ванкомен күреседі. Бұл фильмде «Қара жесір» (Черная вдова) кездеседі, сонымен қатар, титрден соң болашақта түсірелетін фильмде Тордың болатынын жұмбақтап көрсетеді.

«Халк»
«Невероятный Халк» (2008)

Француз кинорежиссері Луи Летерьенің Брюс Беннер (Эдвард Нортон сомдаған) туралы фильмі халықтың ерекше ықыласына бөленді. Фильмде оқымысты ғалымның Халк атты жасыл алыпқа айналғанын көруге болады. Эдвард Нортон алғашқы фильмнен соң, келспеушіліктерге тап болып, басты рөлден бас тартады. Оның орнын Марк Руффало алмастырады.

«Тор» (2011)

Жай атқыштар туралы трилогияның бірінші фильмі хронология бойынша «Алғашқы кек алушыдан» жоғары тұру керек. Дегенмен, оқиға желісі біздің заманымызға жақынырақ, тек, басқа кеңістіктен орын алатындықтан оны алтыншы орынға қойған. Фильм басқа киноленталардан ерекшеленеді. Бұл фильмде Тор өзінің бауыры Локиге қарсы күрес жүргізуге мәжбүр.

«Кек алушылар»
«Мстители» (2012)

Әр түрлі оқиғаларды бастарынан кешкен супер қаһармандар алғаш реті 2012 жылы бірігеді. Осылайша, Джосс Уидонның фильмі бұл кино кеңістігінің алғашқы фазасын аяқтайды. Фильмде Темір адам, Америка капитаны, Халк, Тор және Қара жесір Локи мен бөгдеғаламшар Читауридің біріккен ұйымына қарсы күреседі.

«Темір адам 3»
«Железный человек 3» (2013)

Тони Старк туралы фильмнің қорытынды бөлімі «Кек алушалар» айқасынан соң жалғасын табады. БҰл кезеңде Темір адам «Мандарин» есімді террористпен күреседі.

«Щ.И.Т. агенттері» (Сериал)
«Агенты Щ.И.Т.» (2013-...)

Бұл сериал 2013 жылы басталған болатын. Оқиға желсі «Кек алушылар» оқиғасынан кейін өрбиді. Сонымен қатар, сериалмен қоса кинокеңістіктің фильмдері мен сериалдары қатар жарыққа шығады.

«Алғашқы кек алушы: басқа майдан»
«Первый мститель: Другая война» (2014)

Ағайнды Энтони мен Джо Руссо түсірген фильмде Америка Капитаны  Г.И.Д.Р.А. ұйымының құйтырқы жоспарына бөгет жасап, соғыстың алдын алу әрекеті көрсетіледі.

«Галактика қорғаушылары»
«Стражи Галактики» (2014)

Біртүрлі, ешкімге ұқсамайтын, әзілқой қорғаушылар топ кионкеңістікте алғаш рет бой көрсетеді.

«Галактика қорғашушылары 2»
«Стражи Галактики 2» (2017)

Жұлдызды Лорд, Гамор, Ракета атты жанат (енот), Грут пен Қиратушы Дракстің оқиғасы бірінші фильммен аяқталмайды: олар әлемді құтқару операциясын жалғастыра түседі.  

«Баскесер» (сериал)
«Сорвиголова» (2015-...)

Сериал Нью-Йоркте Тозақ асханасы көшелерінде қылмыспен күресіп жүрген заңгер Мэттью Мердоктің басынан кешкендерін сипаттайды. Бұл жерде басты кейіпкермен қатар, ең адуынды қылмыскер Уилсон Фиск те халықтың ерекше ықыласына бөленеді.

«Джессика Джонс» (2015-...)

«Баскесерден» соң із кесуші Джессика Джонспен танысқан дұрыс. Бұл сериал да  жағымсыз кейіпкерге баса назара аударады. Мысалы, Киллгрейвті ең тартымды жағымсыз кейіпкер ретінде жақсы таниды.

«Кек алушылар: Альтрон дәуірі»
«Мстители: Эра Альтрона» (2015)

Джосс Уидонның кезекті туындысында суперқаһармандар бас қосып, жасанды зияткер иесі Альтронмен күрес жүргізеді.

«Люк Кейдж» (2016-...)

Қорғаушылар тобының тағы бір мүшесі – Люк Кейдж. Ол алғаш рет Джессика Джонс туралы сериалда пайда болады. Тіпті, екеуінің арасында махаббат оты тұтанған сәт те бар.

«Құмырсқа адам»
«Человек-муравей» (2015)

Кішкентай да алып Marvel кейіпкері Скотт Лэнг  алғаш реті Пейтон Рид картинасында көзге түседі. Жобамен режиссер әрі сценарист Эдгар Райт айналысуы тиіс болатын, өкінішке орай жұлдыздары жараспағанын аңғаруға болады.

«Темір жұдырық»
«Железный кулак» (2017-...)

Қорғаушылар тобының соңғы мүшесі Дэнни Рэнд туралы сериалды «Темір жұдырық» атауды жөн санаған.

«Алғашқы кек алушы: Қарсы күрес»
«Первый мститель: Противостояние» (2016)

Осы уақытқа дейін зұлымдықпен күрес жүргізіп келген «Кек алушылар» тобы екіге айырылып, өзара талаң-тартысқа түседі. Бұл фильмде алғаш рет Том Холландтың сомдауындағы «Өрмекші адам» пайда болады.

«Қорғаушылар»
«Защитники» (2017-...)

«Кек алушылар» екіге бөлінген шақта, «Қорғаушылар» тобының басы бірігеді. Осылайша олар заманауи қылмыспен күресті бастайды.  

«Стрэндж дәрігер»
«Доктор Стрэндж» (2016)

Кинокеңістіктің жайдарлы кейіпкерлерінің бірі Стрэндж дәрігер қатарға кеш қосылды. Соған қарамастан көрермен тарапынан өз қолдаушыларын тауып үлгерді.

«Ранэвэйс»

Сериал ата-аналарының жасырын әрекеттерін байқап қойған жасөсіпірімдер туралы. Кейін өздерінің ерекше қабілетке ие екендерін байқайды. Оқиға «Кек алушылар» дәуірімен мүлде байланыспайды. Тек, екінші санатты кейіпкерлердің пайда болғанына қарап, бұл фильмдегі оқиға «Стрэндж дәрігерден» соң жүзеге асып жатқанын аңғаруға болады.

«Өрмекші адам: үйге оралу»
«Человек-паук: Возвращение домой» (2017)

Өрмекші адам оқиғасын экранға шығару құқығы Sony Pictures компаниясына тиесілі. Дегенмен, Disney кинокомпаниямен келісімшартқа отырып, Питер Паркердің оқиғасы енді Marvel кино кеңістігінің бір бөлшегіне айналды.  

«Тор: Рагнарек» (2017)

Жай атқыштар тобына жататын Тор мен Халктің біріге күрес жүргізетін қорытынды фильмінің режиссері Тайка Вайтити. Айтпақшы, бұл екеуі «Кек алушылардың» өзара шайқасына қатыспайтынын да ескеру керек.

«Қара Пантера»
«Черная Пантера» 2018

Оқиға африкалық мемлекет Вакандада орын алады. Желісі бойынша «Алғашқы кек алушы: қарсы күрес» пен «Кек алушылар: Шексіздік майданының» ортасына сәйкес келеді.

«Құмырсқа адам мен Ара»
«Человек-муравей и Оса»

Екінші фильм тек жазда жарыққа шықты. Яғни, «Кек алушылар: Шексіздің майданынан» кейін шықса да, оқиға оған дейін болғанын аңғару қиын емес.

«Кек алушылар: Шексіздік майданы»
«Мстители: Война бесконечности»

Таноспен шайқас — кино әлем бірнеше жылдар бойына қадам басқан басты майдан болатын. Жауыздықпен қаһармандардың күресі ұзақ уақыт бойына халық арасында кеңінен талқыланып жүрді.

Т. Есқали