Жаңа Бонд АҚШ прокатында топ жарды

Жаңа Бонд АҚШ прокатында топ жарды

"Бондиананың" 23-ші"007: 'Скайфолл' координаттары" фильмі АҚШ прокатында топ жарды.

Прокаттың алғашқы аптасында-ақ британдық шпион туралы фильм 90 миллион доллар қаражат жинады. Картина осы уақытқа дейін әлем бойынша 500 миллион доллар жинап үлгерді.

Соңғы уик-ендтің нәтижесі бойынша, екінші орынға "Ральф" мультфильмі жайғасты. Сегіз биттік компьютерлік ойынның персонажы Ральфтың басынан кешкендері туралы фильм 33 миллион доллар әкелді. Үштікті режиссер Роберт Земекистің "Экипаж" фильмі тұйықтапты. Дензел Вашингтонның басты рөліндегі фильм 15,1 миллион доллар тапты.

Алғашқы бестікке "Операция 'Арго'" ( 6,75 миллион доллар) және "Тұтқын қыз" (4 миллион доллар) фильмдері кірді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: "007: 'Скайфолл' координаттары" фильмінен көрініс