"Асаба құжаттамасы" - бұрын-соңды болмаған фильм

"Асаба құжаттамасы" - бұрын-соңды болмаған фильм
Фото: tengrinews.kz

Фильмнің атына қарап той бизнесі туралы деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Бірақ "Асаба құжаттамасы" ("Досье тамады") детектив драмасының сценарийін жазған Бейбарыс Жұманиязовтың айтуы бойынша фильм той емес, би туралы болмақ. 

Басты кейіпкер - асаба Дархан Дайырбек. Өзі сүйген ғашығымен өмір бойы бірге билеуді армандаған бозбаланың арманы орындалмады. Дегенмен басты кейіпкер 20 жыл өткеннен соң күш-жігерін жинап, өткенді өзгертуге тырысады.

"Біз бұл фильмде әдемі тарихты көрсеткіміз келді. Бірақ оның ауыр психологиялық драма екенін де ұмыт қалдыра алмаймыз. Дегенмен фильм бірінші кезекте детектив: көрермендер кино аяқталғанша: кім істеді, не үшін істеді деген сұрақтарға жауап іздейтін болады", - дейді Бейбарыс Жұманиязов.

Фильм алғашқы минуттан көрермендерді бұрын соңды отандық киноматографта болмған, шынайы өмірде де сирек кездесетін ерекше тарихпен қызықтырады. Сценаристер киноның соңы ешкім күтпегендей ерекше болатынын айтады.

"Асаба құжаттамасы" көрермендерді баурап алатыны сөзсіз. Фильмді өз ісінің нағыз мамандары түсірген. Сондай-ақ рөлдерді елге танымал актерлар сомдады. Атап айтқанда, сонау "Жолтүйіс" ("Перекресток") сериалында табысқан Венера Нигматулина, Ғани Құлжанов, Әділ Есенболатов және тағы басқалары бар. Бастапқыда басты рөлді шетелдік танымал актер сомдайды деп жоспарланған. Бірақ соңғы сәтте таңдау комедия жанрында сәтті ойнап жүрген Дархан Дайырбекке түсті.

 

"Асаба құжаттамасы" еліміздің барлық кинотеатрларында 2019 жылдың 21 ақпанынан бастап көрсетіледі.

Айбар Рысдәулет

Massaget